Жалқылығыңызды жоғалтпаңыз

Жалқылығыңызды жоғалтпаңыз
Фото: psiot.ru

Дүниеде қанша адам болса, сонша даралық бар. Әр адам – бір әлем. Адам болмысы адамзат жаратылғалы бері қаншама ғасырлар өтсе де, әлі күнге дейін зерттеліп біткен жоқ. Адам жаратылысы тым күрделі, тым жұмбақ. Оның бір сырына қанықсаң, екінші бір сыры менмұндалап тұрады. Ғылымда қанша зерттеулер жүргізіліп, әдебиет саласында миллиондаған шығармалар жазылды. Демек, адам тақырыбы мәңгілік. Біз бүгін жеке адамға қатысты маңызды кеңестерді ұсынбақпыз. 

Жалқылығыңызды жоғалтпаңыз. Көпшілік адам тұлғалығын қалыптастырам деп, бірегейлігін жоғалтып алып жатады. 

Кісілігіңіз бен кішілігіңіз қатар жүрсін. Ұлық болсаң, кішік бол. Көптеген белгілі, әйгілі адамдар өте қарапайым боп келеді. 

Сіз жеке бір әлемсіз. Ешкімге ұқсамайсыз. Осындай қасиетіңіз барын жадыңызда сақтаңыз. 

Сізді әлдебіреу үлгі тұтуы мүмкін. Мойныңыздағы жауапкершілікті ұмытпаңыз. 

Қай кезде де адам қоғаммен бірге жасайды. Адамның тәні мен жаны айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде, әлеуметтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Қоғамнан жырақ өмір сүрмеңіз.

Үнемі жақсы дүниені ойлаңыз. Өйткені, не ойласаңыз сол болады. Былайша айтқанда, өмірдіі қалай қабылдасаңыз сіз үшін өмір сондай. Бұл ғылымда дәлелденген. 

Ж. Жұмағұлов