Адам есімі тағдырына қаншалықты әсер етеді?

Адам есімі тағдырына қаншалықты әсер етеді?
Фото: twins-happy.com

Жаңа туған балаға ат қою – ежелден келе жатқан үрдіс. Оған жақсы есім беріп, болашақта тұғырлы биіктерден көру әрбір ата-ананың арманы десек қателеспейміз. Бүгінгі таңда америкалық ғалымдар есімдердің адам өмірінде қаншалықты маңызы бар екенін дәлелдеген. 

Көптеген адамдарды өз тәжірибиесінде пайдаланған ғалымдар есімдер туралы мынадай тоқтамға келген. Егер баланың аты қарапайым болса, оның өз ортасында беделі мен өзгелердің оған қызығушылығы арта түседі. Мұндай есімдерді қысқартып айтуға да ыңғайлы көрінеді. Ал, даңқты тұлғалардың есімі берілген бүлдіршіндер өскенде өзі аттас тұлғалардың кәсібіне қарай бейімделуге әзір тұрады екен. Сонымен қоса сирек кездесетін адам аттары көбіне бұзақылар мен ерекше дарын иелеріне берілуі мүмкін. Себебі әлемдегі көшбасшы жандардың есімдері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ, Шыңғысхан, Наполеон, Абылай, Кенесары секілді көп естілмеген ерекше есімдер өз ортасынан суырылып шығып, зор жетістікке жеткеніне куә боласыз.

B. ZHAQSYMBET