- Негізгі бет
- Психология
- Гүл сыйлау қағидалары...
Гүл сыйлау қағидалары
Сыйлықтардың ішіндегі ең әдемісі, кез келген адамға тарту етуге болатыны – гүл шоғы. Тек негізгі қағидаларды білу қажет. Себебі гүл таңдағанда адамның жасын, жынысын, қызметін, талғамын ескеруіңіз қажет.
Бұрын біздің ата-аналарымыздың жас кезінде ер-азаматтарға қалампыр гүлдерін, ал әйелдерге қалған түрлерін сыйлау дәстүр болса, қазір гүлдің алуан түрі бар.
Сонымен гүлдерді қалай таңдаймыз?
• қызметтес әріптестеріңізге сіздің риясыз достық көңіліңізді айғақтайтын қызғылт, қызыл түстегі гүлдерді сыйлау жарасымды;
• ата-анаңыз өз дәстүрін құрметтейтін консерватор болса, онда соны ұстанасыз, егер жаңаша көзқарастың адамдары болса, қай түсті ұнататынын ескере отырып, үлкен гүл шоғын тарту еткеніңіз сіздің жақсы перзент екеніңізді білдіреді. Жалпы ата-анаңызға, әсіресе анаңызға мерекелерді күтпей-ақ анда-санда гүл, гүлмен бірге қуаныш сыйлап тұрудың еш артықшылығы жоқ.
• мерейтойға арналған себет не гүл шоқтары үлкен, қымбат гүл композицияларынан құралады;
• бикештерге жігіттер қалтасына қарамай голланд раушандарын неғұрлым қомақты етіп сыйласа, соғұрлым үлкен қуанышқа бөлейді. Қызыл, қызғылт түстерді қыздардың көбі махаббаттың, сүйіспеншілікті белгісі деп ұғады.
• ер-азаматтардың біразы гүлді сыйлық ретінде қабылдай бермейді, ал орта жастан асқандарға біртегіс, жылтыр емес қапшықтағы шағын гүлдерді сыйлауға болады.
Гүлдің орамына да мән беру керек, шамаңызға қарай әрине.
Гүлді қалай сыйлаймыз?
Үлкен қалаларда ешқайда бармай-ақ флористерге телефон не интернет арқылы тапсырыс беруге болады. Олар ішіне гүл сыйлаушының иесінің аты-жөнін жазып, алып барады. Ал егер өзіңіз тапсыратын болсаңыз, оң қолыңызбен табыс етесіз.
Егер гүлдің сырты жай мөлдір ораммен көмкерілсе, оны алып тастап беруді ұмытпаңыз.
Егер қыз бен жігіт бірге барып, әйел адамды құттықтайтын болса, жігіт тарту етеді.
Мерейтойдың иесі ер адам болса, да гүл оның әйеліне беріледі.
Гүлді қалай қабылдап аламыз?
Алғыс айтып, орамынан алып, қонақтар отыратын бөлмедегі құмыраға салып қоясыз. Аласа, шағын гүл шоғы болса, үстелдің үстіне де қоюға болады. Егер сізге ұнамайтын гүл шоғы болса, сыр бермей рақмет айтқаныңыз жөн.
Автор: Фариза Абилова
Сурет: content.ru
Оқи отырыңыз:
Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?
Қызыма сыйлықты қалай таңдаймын?
Ф. Абилова