Қызыма сыйлықты қалай таңдаймын?

Қызыма сыйлықты қалай таңдаймын?

8 наурыз мейрамына қызыңызға сыйлық таңдай алмай қиналып жүрсіз бе? Олай болса, еш уайымдамаңыз. Ары қарай оқып, қызыңыздың қалай қуантуға болатынын біліңіз.

1. Қандай сыйлық сыйлаймын? Мінсіз сыйлық таңдау - қиын іс. Ал қыздардың көңілінен 100% шығатынын таңдау мүмкін емес. Сыйлығыңызға қарай қызыңызды қаншалықты білетіндігіңізді анықтауға болады. Мұнымен қатар қызыңызда барлығы бар екенін біле тұра сыйлық таңдау оңай емес. Төменде қызыңызға ұнайтын сыйлық таңдауға көмектесетін кеңестер ұсынамыз.

2. Сыйлықты іздеу. Бұл жерден қызыңыздың қызығушылығы мен жасына сәйкес сыйлықтарды таңдай аласыз.  

3. Мінсіз сыйлықты сатып алу. Сіздің сыйлығыңыз талғамына, қызығушылығына, жеке стиліне сәйкес келуі керек.

- Оған не ұнайтынын ойланып көріңіз. Мүмкін әшекей бұйымдар, кітап, диск, фильмдер, бас киім, жақсы көретін болар. Мейрам кезінде қиналмас үшін оның күнделікті өмірде қандай түсті ұнататынын, қандай жанрдағы фильмдер көретінін, эстрада әншілерінен кімдерді тыңдайтынын біле жүріңіз. Оның сіз үшін маңызды екенін осылай көрсете аласыз;


- Ол қандай адам? Мінезі қандай? Ол заманауи сәнді киімдерге қызыға ма? Әлде бұзықтықтар жасап жүретін еркекшора ма? Тамақ жасауды ұната ма? Бастысы сіздің сыйлығыңыз оның мінезімен үйлесіп тұрсын;

- Бос уақытында немен айналысатынын еске түсіріңіз. Оның хоббиі бар ма? Сыйлықты оның хоббиіне сәйкес таңдауыңызға болады. Мысалы, сурет салатын қыздарға графикалық планшет, түрлі-түсті бояулар сыйлай аласыз;

- Оның болашағы туралы ойланыңыз. Көп қыз мансап жолын жақсы көреді. Ол үшін өзінде барын құрбан қылуға да дайын. Қызыңыз дәл сондай ма? Олай болса, оған жаңа сөмке қажет шығар. Мүмкін плеер;

- Оның өмірін қалай жеңілдетуге болады?

- Бұрын әңгімелескен кезде оған не ұнайтынын байқаушы едіңіз? Көптен бері қажет болып жүрген затты өзі де айтып жүрген шығар. Мысалы, автобуста әмиянымды жоғалтып алдым немесе әпкем өзіне әдемі сырға сатып алған екен деп.


4. Сыйлықты қолдан жасаңыз. Ол моншақ білезік болуы мүмкін. Оған қолдан жасалған кез келген нәрсе ұнайды.

5. Жеке басына арналған бір нәрсе сыйлаңыз. Ол зат жер бетіндегі еш қыз атаулысында болмауы тиіс.

6. Екеуіңіз ғана түсінетін қалжыңды пайдаланыңыз. Осы мүмкіндіктің арқасында араларыңызды жақындатып алуға болады. Мүмкін бір-бірлеріңізді «Мысығым» секілді ерекше еркелететін шығарсыздар. Жұмсақ мысық ойыншық сыйлаңыз.

7. Өзгеше ойлаңыз. Қарапайым сыйлықтың өзі үлкен қуаныш сыйлайды.

- Үйлеріңіз жақын болса, гүл сатып алып, есігінің тұсына қойып кетіңіз. Арасына ерекше ықыласыңызды білдіретін хат салуды ұмытпаңыз. Қыздар қауымы көп жағдайда раушан гүлдерін жақсы көреді.

- Оның ұял телефонын алып, талғамын анықтап алыңыз. Қандай әншілерді көбірек тыңдайтынын біліңіз. Ұнататын әншісінің концертіне билет сатып алуыңызға болады.


8. Көмек сұраудан қорықпаңыз. Оның достары мен анасынан кеңес сұраңыз. Олар сіздің қызыңызды өзіңізден жақсы біледі.

9. Қызыңыздан сұраңыз. Еш нәрсе ойлап таба алмасаңыз, қызыңыздың өзінен сұраңыз. Әрине, бұл әрекетіңізбен тосын сый жасай алмайсыз. Алайда оған ұнайтын сыйлықты таңдайсыз.

Қосымша кеңестер:

1. Мұқият болыңыз. Қыздар көмек сөздерді жиі айтып жүреді.

2. Сыйлықтарды мерекеден басқа уақытта да сыйлауға болады. Оны жақсы көретіндігіңіз үшін кез келген уақытта сыйлық сыйлай аласыз. Осылайша өзіңіздің оған деген қамқорлығыңызды көрсетесіз.


3. 15 сәуірде атап өтілетін ғашықтар мерекесін ұмытпаңыз. Осы мейрамда гүл мен шоколадтан артығы болмайды.

4. Оған сыйлықты сыйлап тұрған сәтте жымиыңыз.

5. Киім сыйламақ болсаңыз, өлшемін дұрыс таңдағаныңызға көз жеткізіңіз. Кіші болып қалса, ұялады, үлкен болса, ренжиді.

6. Ең дұрысы – әшекей бұйым. Әдетте қандайын тағып жүретінін білсеңіз болғаны.  

7. Қалжыңдаймын деп ренжітіп алмаңыз. Бірнеше сыйлық сыйлағыңыз келсе, олар бір-біріне ұқсамайтын болсын. Ал футболға билет алсаңыз, ол ойын басталмй жатып жалығып кетеді.

8. Өзі ұнататын сыйлығын ала алатындай ақша сертификатын ұсыныңыз. (Тек қолма-қол ақша емес).

9. Қыздар қауымының романтиканы жақсы көретінін ұмытпаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай