Сыйлықты қалай таңдаған жөн?

Сыйлықты қалай таңдаған жөн?

Cыйлық таңдау оңай шаруа емес. Тек өз талғамыңызға сүйеніп таңдау дұрыс емес, сізге ұнаған нәрсе басқаларға қажетсіз болуы мүмкін. 

Кейбір кісілер қымбат нәрсе сыйлайды да, «басқа біреуге беріп қойма, өзің пайдалан» деп ескертеді. Бұл әдепсіз қылық саналады.

Барлық адамдар сезімталдығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Кинестетиктер. Олар айналасындағылармен сипау, ұстап көру арқылы қарым-қатынас жасайды. Мұндай жандар мейірімді, қылықты, ерке болады. Жұмсақ нәрсені, тоқылған киімдерді, тәтті тағамдарды ұнатады.

Визуалдар. Қоршаған ортаны көріп бағалайтындар. Олар әдемі заттарды, картиналарды, хас шеберлердің қолынан шыққан қайталанбас туындыларды, антикварлық бұйымдарды ұнатады. Мұражайға шақыруға да болады.

Дискреттер. Мұндай кісілер бұйығы, жаны нәзік, ішкі сырын құпия ұстайды. Олар – аналитиктер, зерттеуші-ғалымдар, шахматшылар. Өз салаларымен байланысты құрал-жабдықтар тарту етсеңіз, бәлкім, көңілінен шығарсыз.

Аудиалдар. Айналамен сөз, дыбыс арқылы қарым-қатынас жасайтын жандарға құлаққап, диск, плеер сыйлаңыз. Аудио хабарламалар немесе теледидар, радио арқылы музыкалық сәлемдеме жолдауға болады.

Бойында осы қасиеттердің бәрі аз-аздан кездесетін адамдар да болады. Олар кез келген сыйлықты қуанышпен қабылдауы мүмкін.

Иіссу, әтір, иісмай, дезодарант, ішкиім секілді нәрселерді тек ең жақын адамдар сыйлай алады.

Әріптестерге блокнот, қалам сияқты нейтралды заттар ұсыныңыз. Егер әріптесіңіздің хоббиін білсеңіз, сыйыңызды соған орайластырған жөн.

Жаңадан танысқан қыз бен жігіт бір-біріне далап немесе галстук бергені жөнсіз.

Кейбіреулер өте ырымшыл болады. Мысалы, пышақ, сүлгі алғысы келмейтіндер бар.

Не сыйласаңыз да оны қаптауды ұмытпаңыз.

Сурет: goodfon.su

Оқи отырыңыз:

Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?

Шыршаны безендіру сәтін қалай көңілді өткізуге болады?

Жаңа жыл алдында жасалатын маңызды іс

Ф. Абилова