Ақылды көрінгісі келетін жігітке кеңес #2

Ақылды көрінгісі келетін жігітке кеңес #2

Ақылды көрінуге арналған кеңестерімізді ұсынуды жалғастырамыз.

  • Күлгін түсті киім киіңіз. «Күлгін түс – адамның ақылды екенін көрсетеді. Оны сұр түспен араластырып киіңіз, бұл ер адамның нағыз киімі, осылай киетін болсаңыз, сенімділігіңіз бен таным көкжиегіңіздің кең екенін көрсетесіз» дейді түстер терапиясының маманы Джулианн Бьен.
  • Көзілдірік тағыңыз. Мельбурн университетінің мамандары жасаған зерттеуге сүйенсек, көзі нашар көретін адамдардың ақылы толысқан болып келеді екен.
  • Кең тыныс алыңыз. «Ақылды әрі сенімді болып көрінуіңіз үшін миға оттегі жеткізіп, кең тыныс алыңыз» дейді Пета Флетчер.
  • Сенімді болыңыз. «Өзіне сенімді адамды көргендер оған сеніммен қарай бастайды» лейлі өзін-өзі ұстау бойынша маманданған Ли Батлер-Смит.
  • Еңсеңізді тік ұстаңыз. Біздің қарым-қатынасымыз көбінде іс-әрекетпен байланысты болады. Ребека Фенсам «Егер сіз қисайып тұрсаңыз, айналаңыздағы адам сізді ақылсыз, ұялшақ немесе еріншек деп ойлап қалады» дейді.
  • Таным көкжиегіңізді кеңейтіңіз. «Ақыл туралы түсінік көзқарастардың ашық айтылуы» деп тұжырымдайды Ашық университетінің докторы Кит Френкиш. «Өзіңізбен келісетіндерді ғана емес, келіспейтін пікірлерді де тыңдаңыз, өзіңіз оқығыңыз келмейтін кітаптарды та оқыңыз».
  • Өзіңіз туралы үшінші жақтан айтыңыз. «Адамдар бұл әдістің мүмкіндігін біле бермейді», - дейді Майк Бирбилья есімді әзілкеш. «Бұл әдіс айтқандарыңызды түгелдей дәлелге айналдыра алады».
  • Тыңдарманыңызды қарсы пікірлермен шатастырыңыз. «Сіз қандай ақылды дүние айтып жатсаңыз да, сіздің сөйлеуіңізден кейін сұрақ қоятын адамдар болса сіз ақылды көрінбейсіз. Ешкім де сұрақ қоя алмайтындай сөйлеңіз» дейді комедия маманы Стив Норт.
  • Ақылды екеніңізді айтыңыз. «Өзіңіз туралы жақсы нәрсе айтсаңыз, сырт көз де сіз туралы жақсы ойлайтын болады» дейді психолог Роуз Агдами.
  • Ағарған шашыңыз үшін өкінбеңіз. Самайдағы ақ шаш білімі толысқан адамның жиынтық келбеті екенін бәріміз де білеміз.
  • Ұрсысуды қойыңыз. Роберта Галлюцио есімді психолог эмоциямен айтылған сөздің құны көк тиын дейді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өңделген

А. Құлтай