- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды көрінгісі келетін...
Ақылды көрінгісі келетін жігітке 10 кеңес
Кейде қасықтап жинаған абыройды шелектеп төгетін сәттер болады. Қате түсінген жағдайда немесе мәселенің мән-жайын білмеген кезде адамдар ақылсыз жауап қайырып жатады. Адам ақылды болса да сөзі онысына қарсы шығып тұруы мүмкін.
Міне, сондай бір ыңғайсыз сәттерге түсіп қалмау үшін бірнеше кеңесімізді ұсынып көрмекпіз.
- Айтар сөзіңізді абайлап қолданыңыз. «Америкалық мәдени мұра сөздігі» кітабын құрастырушылар «ақылды» сөздердің тізімін жасапты. Онда «кәззап», «үйірлі», «панацея», «бойкүйез» деген сөздер таңдалып алыныпты (finagle, gregarious, panacea and perfunctory).
- Мәселе дұрыс таңдалған сөздерде емес, сонымен қатар оны қалай дыбыстау керек екеніндігінде де жатуы мүмкін. Мәселен, шешендік сөзге үйрететін маман Майкл Ронейн «Таза, бірқалыпты дауыс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін көрсетеді», - дейді.
- Егер бірқалыпты әрі сенімді сөйлей алмасаңыз жылдам сөйлеуге тырысыңыз. «Егер адам жылдам сөйлейтін болса ол қоғам алдында өзін ақылды етіп көрсетеді», - дейді Том Барбер есімді психотерапевт.
- Тыңдарманға сөйлеу барысында бірінші жақсы әсер сыйлаңыз. Адам құныдылығын зерттеуші маман Дэн О’Нил былай дейді: «Сырт көз сіздің ақылыңызды киіміңізбен өлшейді».
- Киім-кешегіңізді ұқыпты киіңіз. «Тартымды адамның киімі де жаңа әрі жағымды болып көрінеді», - дейді доктор Лиам Баркер. Психологияда адамның ақылы мен мінезін киімі бойынша анықтауды гало-эффект немесе ореол эффектісі деп атайды екен.
- Тісіңізге назар аударыңыз. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, тісін күтіп ұстайтын адамдар өмірде ақылды әрі табысты болады-мыс. The London Smile Clinic деп аталатын тіс емдеу емханасының маманы Джеймс Рассел жұмысқа орналасуға дайындық жасап жүрген адамдардың бірінші кезекте тіс емдетуге келетіндігін айтады.
- Тыңдап үйреніңіз. «Эмоционалды алғырлық та IQ сияқты маңызды бөлшек болып табылады», - дейді Джуд Дженнисон. Сөйлеуші сөйлеп жатқанда тыңдап тұрыңыз да, не, қайда, қашан екенін сұраңыз.
- Есте сақтау қабілетіңізді жақсартыңыз. Тіл табысу, танысу мәселесімен айналысатын маман Девид Уигант «Ақыл дейтініміз мәселені еске сақтай алуға байланысты нәрсе», - дейді.
- Сәнді ғана емес, ақылды да бағалай біліңіз. Сізге қандай адамдар ұнайды немесе қандай қыздар ұнайды деген сұрақ қойса әдемілерді ғана емес, ақылдыларды да атаңыз.
- Әлденені білмесеңіз көмек сұрай біліңіз. Істі қалай жасау керек екенін сұрап алыңыз.
Жалғасы бар...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: өңделген
А. Құлтай