Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Артық салмақтан арылуға арналған пайдалы әдеттер

Артық салмақтан арылуға арналған пайдалы әдеттер

Артық салмақтан арылуға арналған пайдалы әдеттер

Көктем – артық салмақтан арылуға ең қолайлы мезгіл. Алайда адамдар жаттығу залына барып, неше түрлі әрекет жасап жүрсе де, артық салмағы оңайлықпен қош айтпауы мүмкін. Ол үшін мына әдеттерді қаперіңізге ала жүріңіз.

Таңертең ас ішуге кететін уақытта ұйықтай тұруды жөн көресіз бе? Бұл – сіздің ең бірінші қателігіңіз. Күнделікті таңғы ас ішу арқылы май ыдырату үдерісін жылдамдатуға болады. Мұны ғалымдар да дәлелдеген.

Таңертеңгі қошқыл кофе тек ұйқыны ашып, сергіту үшін ғана емес, артық майды кетіру үшін де қызмет етеді. Зерттеушілер кофенің артық калорияны 11% тезірек ерітетінін айтады. Әңгіме карамель шәрбаты қосылған латте туралы емес, кәдімгі қою қара кофе туралы айтылып отыр.

Диетаға отыру деген күні бойы қарынның ашығуы емес. Асқазаныңызды пайдалы тағамдармен қамтамасыз етіңіз. Құрамында тағамдық талшықтары мен суы мол көкөністер ең пайдалы азық болмақ. Ашыққаныңызды да сезінбейсіз, сымбатыңызға да зиян келтірмейсіз.

Ал ащы дәмдеуіштер метаболизмді күшейтіп қана қоймай, өзіңізді тоқ сезінуге көмектеседі. Салмағыңызға сәйкес қажетті калорияны 25% аз қабылдап, чили бұрышының 1 грамын пайдалансаңыз, сол өзіңізді күні бойы тоқ жүруге себеп болады.

Түскі ас ішіп болған соң бір стақан суық су ішіп алыңыз. 40 минут ішінде зат алмасу үдерісі 30%-ға артады. Үстелге жайғасып сумен-ақ жаттығу жасағандай болыңыз.

Ештеңе істемей-ақ арықтауға бола ма? Мүмкін емес деп айта алмаймыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы оянсаңыз, салмақ тастауға жақындайсыз. Күн тәртібіңізді қадағалап, күніне бір мезгілде ұйықтап, бір мезгілде оянып, 7-8 сағатты ұйқыға арнасаңыз, май ыдырату үдерісі 30%-ға артпақ.

2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: interdag.ru
Қосылған күні: 11 сәуір 2017, 16:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.