Жаттығу залында мақсатқа жету сырлары

Жаттығу залында мақсатқа жету сырлары
Фото: atmosfera.com.ua

Спорт шеберіне қарағанда, зерттеуші ғалымдар көп шаршайды. Себебі дене жаттығуына қарағанда ми жұмысы көп калория жұмсауға сеп болады. Сондықтан үнемі терең ой үстінде жүрудің де пайдасы көп. Жаттығу залына барарда киіну бөлмесінде қандай жаттығулар жасайтыныңызды ойша елестетіңіз, сонда бұлшықеттеріңіз де дайын бола бастайды. Жаттығу залына кіргенде өзіңізге өте сенімді боласыз.

Жаттығуға 30 минут қалғанда бір шыны-аяқ көк шай ішіңіз. Ол денеңізді сергітіп, белсенді жаттығуға көмектеседі. Көк шай құрамындағы антиоксидант жаттығу кезінде артық салмақтан тезірек арылуға септігін тигізеді. 

Жаттығу ұзақтығы 20-80 минутқа созылғаны дұрыс. Алғаш қатысып жүргендер залға күн сайын емес, күнарадан барып, күніне 20-25 минуттан бастап, жайлап-жайлап уақытты көбейткені жөн. Күн өткен сайын жаттығу түрлерін де өзгешелендіріп отырыңыз.

Спорт шеберлерінің кеңесіне жүгінсеңіз, ең қиын жаттығуларды соңына қалдырмауды ұсынады. Оңай жаттығулардан шаршап қалғаннан кейін қиынына бас бұра алмай қалуыңыз мүмкін. Дене көтеруді ұнатпайсыз ба, онда алдымен сол жаттығудан бастаңыз.

Өзіңіз қалаған дене бітіміне тез қол жеткізгіңіз келсе, соңына дейін берілмеңіз. Басыңызда идеал мүсін жасап алып, тоқтамай соған қарай ұмтылыңыз.

Аптасына бір күнді "қарқынды жаттығу" деп атаңыз. Сол күні бар шама-шарқыңызды сарқа жаттығыңыз. Бар күшіңіз біткенше жүгіріп, секіріп, шегіне дейін барыңыз.

Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Әркімде әртүрлі өмір сүру салты, әртүрлі жаттығу деңгейі. Сізді ешкім сыртыңыздан бақылап жүрмейді, өзгелерге көңіл бөлмеңіз. Сіз қайталанбас жеке тұлғасыз.

Көңіліңіз көтеріңкі, күшіңіз көп болсын, шаршамаңыз. Сәттілік тілейміз. Тілегіңізге тезірек жеткейсіз.

@. @assel_assanova