Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Қандай жаттықтырушыдан аулақ болған дұрыс?

Қандай жаттықтырушыдан аулақ болған дұрыс?

Қандай жаттықтырушыдан аулақ болған дұрыс?

Көптеген адам жаттығу залдарына барған кезде жаттықтырушының көмегіне жүгінеді. Бұл әрине өте дұрыс шешім. Себебі, фитнес залдарында қандай жаттығудан бастау керек екенін және әрбір жаттығудың қалай орындалу жолдарын дұрыс білу қажет. Бірақ барлық жаттықтырушы сізге қол ұшын беріп, ойлаған дене бітіміңізге жеткізуге тырыспайды. Сондықтан бапкер таңдаудан қателеспегеніңіз абзал. 

Ең бірінші жаттықтырушы сіздің дұрыс тамақтану мен диетаға қалай отырғаныңызды жақсылап қадағалуы тиіс. Егер сіз мөлшерден көп немесе аз және уақытымен тамақтанбасаңыз, жасаған жаттығуларыңыз кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы тамаққа тойып алып жасаған жаттығулар жүрекке зиян келтіруі мүмкін т.с.с.

Егер жаттықтырушыңыз басқа жұмыстармен айналысып, телефонға үңіліп сізге тек тапсырмаларды орындауды ғана айтып өзі қадағаламаса, онда бұл төмен дәрежелі бапкерлер санатына жатады. Өйткені сіз ол адамнан ақылы түрде сабақ алып жүрсіз. Сізге немқұрайлы қарағанын байқай бастасаңыз басқа жаттықтырушы іздегеніңіз дұрыс. Себебі сіз, ол адам үшін жай ғана ақы төлеп жүрген табыс көзісіз.

Мықты спортшы, жұлқа көтеруден алдына жан салмайтын керемет күштің иесі болса да сізге үйрету қолынан келмесе, бас тартқаныңыз дұрыс. Өйткені ол сізді өзінің жасайтын қиын жаттығуларына дағдыландыруы мүмкін. Спортзалға енді ғана кірген сіз үшін ондай жаттығулар тым ауыр.

Әрбір өткізген жаттығуларыңызды саралап, кем-кетіктеріңізді түземесе де қиын болады. Спортзалдарда әрбір сабақ сайын сізге қосымша күш пен басқа да техникаларда жұмыс жасай білу керек. Бір айға сызып берген кеңесін қолыңызға алып өзіңізбен-өзіңіз жүрсеңіз, онда сізге білімсіз бапкердің қажеті не?

"Менің үйретуіммен бір айда 200 келі салмақты оңай көтересің" деп, қызықтыратын үйретушілер де жетерлік. Сіздің ондай салмақты көтеру үшін денеңіз икемге келгені дұрыс. Жылдам жасалған жұмыс бел омыртқаңызға немесе қолыңыздың қан тамырлары үзіліп кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан, бәрі де уақытмен болғаны дұрыс.

Жаттықтырушыңыздың өзі де әр кезде спортпен шұғылданғаны дұрыс. Біріншіден, құлшынысыңыз ары қарай артуына көмектессе, екіншіден, қиын жаттығуларды өзі бастап бергені дұрыс. Кей жағдайда өзі білмейтін жаттығуын істетіп жататын бапкерлер де бар. 

Спортзалдан тыс уақытыңызда немен айналысатыныңыз да жаттықтырушыны қызықтыруы қажет. Өйткені сізге бар күшін салып нәтиже шығаруды көздеген адам ұйқыңыздың дұрыстығына, тамағыңыздың уақытылы болуына және үй жағдайында жаттығу жасап жүргеніңізге аса мән беруі тиіс.

Бір сарынды жаттығу залы қызықсыз, әрі қажытып жіберуі мүмкін. Сондықтан мейілінше спортпен шұғылданып жүрген адамдармен танысып қыр-сырын үйренгеніңіз дұрыс. Мұндай қадамды, ең бірінші, сізге бапкеріңіз көрсетуі тиіс. Себебі, сол жердің барлық тұрғынымен сізден бұрын кездесетін – жаттықтырушыңыз.

Жоғарыдағы айтылған кеңестерге сай келетін бапкермен жұмыс жасап жүрсеңіз, онда тез арада өзіңіздің не үшін жүргеніңізді айтып, сөзден іске көшуге бағыттаңыз. Неге десеңіз, бұлшықеттерді өсіру мен шығару оңай қол жеткізетін әрекет емес.

Дайындаған: BAUKENTI ZHAQSYMBET
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 03 маусым 2016, 15:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.