Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды
Фото: middleeastmonitor.com

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адамды анықтағанын хабарлады.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Нұр-Сұлтанда тіркелді. 19.00-де Алматыда 15 адам, Нұр-Сұлтан бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Вирус жұқтырғандардың барлығы – шетелден келген Қазақстан азаматтары.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды. 19 наурыздан бастап, екі қаланың тұрғындары оқшауланып, адамдардың және көліктердің кіріп-шығуы шектеледі. Балабақшалар, азық-түлік сатпайтын базарлар, сауда орындарының жұмысы тоқтайды. Карантиннің басты мақсаты – Қазақстанның басқа қалаларына коронавирус таралуының алдын алу.

 
Massaget