Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы
Фото: www.activistpost.com

KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 332,4-ке тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Теңге алдыңғы сессияға қарағанда шамамен 2 теңгеге кеміді. 

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 332 теңгемен өтті. Ең төменгі баға да осы, жоғарысы 332,8 теңгеге жетті. Сауда көлемі 33,1 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасы 331-334,2 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.44-те Brent маркалы мұнайдың баррель құны 51,73 долларға тең болды. 

О. Сансызбай