Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді
Фото: massagetkz

Бүгін 80 жасқа келіп отырған ақын, жазушы Олжас Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді, − деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Бұл жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 18 мамырда қол қойды. "Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі   "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", − делінген Жарлықта. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін