Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығая түсті

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығая түсті
Фото: vlast.kz

KASE таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 344,92 теңгеге тең болды. Кеше күндізгі сессияда шетелдік валюта 345,54 теңгеге бағаланған еді.

6 сәуір күні таңғы сессияда бірінші келісім 345,3 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға − 344,2. Ал ең жоғарысы 345,3 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі  13 миллион доллар. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 340-345,8 теңгеге сатып жатыр. Астана уақыты бойынша, сағат 11.07-дегі жағдайға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың маусым айына фьючерсі әр баррель үшін 38,62 долларға жетті. Шілдеге арналған фьючерс  38,77.

Еске сала кетейік, 5 сәуір күні KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды. Таңғы сессияның алғашқы келісімі 345,5 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі баға 345,3 теңге болса, жоғарысы 345,9 теңгеге жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 28,6 миллион доллар болды. 

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін