Көктем жауын-шашынмен басталады

Көктем жауын-шашынмен басталады
Фото: massaget.kz

Елімізде 1-3 наурыз аралығында жауын-шашын, көктайғақ және күшті жел күтіледі,  деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

Солтүстік-Атлантика циклонына байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай қозғалып барады. Осы фронттар әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде жауын-шашын, боран, көктайғақ, ал солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жететін желдің соғуы күтіледі.

Ал оңтүстік облыстар Каспий циклонына байланысты фронттардың әсерінде болады. "Алдағы үш тәулікте бұлтты, жауын-шашын, көбінесе жаңбырлы ауа райы, таулы аймақтарда күшті қар аралас жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болады",  делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін