Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz

Елімізде наурыз айының алғашқы жартысында күн 27 градусқа дейін суытады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

Синоптиктердің мәліметінше, наурызда республиканың көп бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы 1 градус нормасынан жоғары болады. Ал еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста ауа температурасы климаттық норма аясында орнайды. Батыста, шығыста, солтүстіктің шеткі аймақтарда және оңтүстік таулы аудандарда шауын-шашын нормадан артық түссе, қалған аймақтарда нормадан төмен болады.

Метеоқызметтің мәліметінше, алғашқы декадада Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. "Сонымен қатар антициклонның келуімен түнде ауа температурасы солтүстік аудандарда 12-20 градусқа дейін, шығыста кей жерлерде 27 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірде 0-5 градус аяз болса, оңтүстік-шығыста 8-13 градусқа дейін күн суытады", − деп хабарлады кәсіпорын қызметкерлері.

Айдың соңында ауа райы қайтадан жылынады. "Айдың екінші жартысында күн жылынып, жауын-шашын мөлшері азаяды. Тұрғындар күннің жылынуын үшінші декадада ғана сезінеді. Ол кезде солтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жылынса, оңтүстік өңірлерде 12-17 градус жылы болады", − деді синоптиктер.

С. Ерсін