Доллар бағамы 349,12 теңгемен жаңа антирекорд орнатты

Доллар бағамы 349,12 теңгемен жаңа антирекорд орнатты
Фото: vlast.kz

2015 жылы 21 желтоқсан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 347 теңгемен басталды. Бұл  ең төменгі баға. Ең жоғарғы баға − 349,9 теңге. Сауда көлемі 113,55 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 348-351 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 18 желтоқсанында сауда 344 теңгемен жабылған еді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін