Қасқырды қарусыз аулайтын қазақстандық аңшы

Қасқырды қарусыз аулайтын қазақстандық аңшы
Фото: youtube

Журналист Ерқанат Көпжасар Instagram желісіндегі парақшасына қызықты кадрлар жариялады.

Видеодан Шығыс Қазақстанның атақты аңшысы Ержан Қасымбековті көруге болады. Ол қасқырларды қарусыз аулайды. Ролик 2015 жылдың қысында түсірілген және тұңғыш рет жарияланып отыр. Журналистің айтуынша, Ержан − кәсіби аңшы. Ол қасқырларды ермек үшін емес, арнайы рұқсатпен аулайды.

Айта кетейік, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында қасқырлар малдарға жиі шабуылдады. Жергілікті аңшылар оларды шетінен қырған болатын. Сонымен қатар мемлекет аңшыларға ақшалай сыйақы береді − өлтірілген бір қасқыр үшін шамамен 12 мың теңге.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін