Алматыда құны 200 мың теңгеден асатын "Оңай" терминалы бүлінді

Алматыда құны 200 мың теңгеден асатын "Оңай" терминалы бүлінді
Фото: yvision.kz

Алматыда жекеменшік автопарктердің біріне тиесілі автобустағы "Оңай" терминалы бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қалалық транспорт холдингі" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, терминал құны 232 873 теңге.

"2015 жылдың 1 қарашасында "Транспорт картасы" ЖШС қызметкерлері терминалдардың бірінің жұмысқа жарамсыз екенін анықтады. Оқиға "Киікбай" ЖШС-ға тиесілі 13-ші маршруттағы автобустың салонында болған. Validator CVB24 master бұзылып, жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған", - деді баспасөз қызметі.

Құрылғының сақталуына жауапкершіліктің тасымалдаушыларға жүктелетіні айтылды. "Осы мақсатта құрылғыны қабылау-тапсыру туралы актіге қол қойылып, жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге материалдық жауапкершілік жүктелді", – деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап қаладағы барлық қоғамдық көлікте "Бірыңғай көлік картасы" жүйесі іске қосылды.

М. Бисембаева