45-ші автобус

45-ші автобус
жеке
блог

Әдеттегідей  аялдамада 45-ші автобусты күтіп тұрмын. Күнде 10 минут сайын жүретін автобус бүгін тым кешігіп кетті. Мүмкін кептелісте тұрып қалған шығар.Міне өзі де келіп жетті.Аялдамаға жақындай бергенде жүргізуші тежегішті басып қалып еді,құйындатып келе жатқан  дөңгелектер күрт тоқтап, жердің шаңын шығарды.Қақалған күйімде автобусқа асыға кірдім.Автобус ішінде ине шаншыр орын жоқ.Ақыры көп күттірген автобусымызда  жолға шықты.Маған арналғандай есік жақтағы бір орын бос екен,жайғаса кеттім.Жайғаса салысымен  көзім жұмылып кеткенін өзім де байқамай қалыппын.Кенет мені  тәтті ұйқымнан орыс әжәйдің ащы даусы оятты.Ол дауыс, дауыс емес  жан айғайы  еді.Осы  уақытқа дейін  өз ұлтын даттаған  орыс өкілін алғаш көрдім.Әжей орыстарға қарап тұрып бізді,қазақтарды соншалықты мақтады.Бұл мақтауға  іштей мақтандым,қуандым.Басқа ұлттың бізді мақтап тұрғанына қарап өз қазағымызды өзіміз кінәләғанымыз дұрыс емес екенін  түсіндім.Әжейге іштей риза болдым.Қазақ екеніме тағы да мақтандым.Жаныма майдай жаққан мақтау көпке созылмай,әжейіміз аялдамадан түсіп қалды.Мақтанышым  көпке дейін  созылып мәз болып отырғанымда қарама-қарсы тұрған қазақ жастарының  ерсі қылықтары  қуанышымды су сепкендей басты.Олардың  қоғамдық ортадағы  бұл қылықтары  тәрбиесіздік еді.Әжейдің бұны көрмей  ерте түскені  дұрыс болған екен...Ақыры менде түсіп кеттім.