"Кепіл боламын" жобасының аясында мал шаруашылығы тексеріледі

"Кепіл боламын" жобасының аясында мал шаруашылығы тексеріледі
Фото: facebook.com

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев "Кепіл боламын" жобасының аясында Өскеменге жол тартпақ. Жоба авторы онда кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың мал шаруашығын көріп шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz бизнесменнің Фэйсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

"Өскеменге 25-і күні ұшамыз. 27 қыркүйекте кері қайтамыз. Рейстер: PNR: 2OCCGY KC301 ALMATY/ALA UST AMENOGORSK/UKK 25SEP 12:35, KC302 UST KAMENOGORSK/UKK ALMATY/ALA 27SEP 15:10 27SEP. Билетті тек осы рейстерге алыңыздар. Бізді автобус күтіп алады", - деп жазды Марғұлан. Кәсіпкер көлікте тек 15 орынның барын айтты.

Марғұлан Сейсембаев бұған дейін мобильді қосымша жасап жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл қосымша арқылы тұтынушылар қазақстандық тауарларды салыстырып, оларға баға береді.

Тағы бір жаңалық, акция аясында енді тек тауарлар емес, қызмет көрсетү түрлері мен интернет жобалары да қарастырылады. 

Айта кетелік, қазір жобаға көптеген танымал адамдар қызығушылық танытып, көмектесетіндерін айтып жатыр. Солардың бірі әнші Парвиз Назаров пен "Тамаша" бағдарламасының авторының қызы Әлия Есенова. 

М. Бисембаева