«Кепіл беремін» – келешегі кемел бағдарлама

«Кепіл беремін» – келешегі кемел бағдарлама
Фото: massaget.kz

Бір апта бұрын белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев facebook желісінде тың бағдарламасымен жұртты таңдандырды. Аз уақытта 400 000 адам қолдау білдірген жобаның құпиясын бірінші болып ашуға тырыстық.

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев отандық сапалы өнімдерді қолдау мақсатында «Кепіл беремін» (Я отвечаю) бағдарламасын қолға алды. Бағдарлама аясында қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы жіті бақыланып, қолдау білдірілмек. Кәсіпкер қолға алған бастама алғашқы күндерден-ақ көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болып, алғышарттарын бастап та кетті.

Марғұлан Сейсембаев «Кепіл беремін» бағдарламасының келешегі кемел екеніне кәміл сенеді. Қолдау білдірушілер де бағдарламаның келешегіне сеніммен қарауда. Олай болса, отандық кәсіпорындарды қолдайтын бағдарлама мақсаты қалай жүзеге аспақ? Қаржы шығыны қалай болмақ? Кәсіпорындардың өнімдері қалай бақыланып, қалай бағаланады? Бағдарлама қанша кезеңнен тұрады? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың өзінен арнайы сұхбат алған болатынбыз. Ендеше аталған сұрақтарға жауап алған сұхбатты қарай отырыңыздар. 


Ө. Сансызбай