- Негізгі бет
- Жаңа жыл
- "Құпия Аяз ата"...
"Құпия Аяз ата" сыйлығына бірнеше идея
Ұжымда және топтарда әріптестер немесе достар ешбір адам сыйлықсыз қалмас үшін "құпия Аяз ата" ойынын ұйымдастырады. Сыйлық таңдауға бірнеше идея ұсынамыз.
Ойынның ережесі қарапайым: әр ойыншы сыйлық беруі керек бір адамның аты жазылған қағазды суырады. Қағазға барлық қатысушының атын жазып, араластырып, әр ойыншы таңдауға немесе арнайы қосымша арқылы поштаға жіберуге болады. Сонымен қатар, алдын ала сыйлықтың бағасын жалпыға бірдей етіп бекітіп қойған жөн. Негізі, ойынның ережесі бойынша, "құпия Аяз атаның" кім екені белгісіз болуы керек, бірақ көбінесе ұжымдарда оны сыйлық алушыға атап береді.
1. Үстел ойыны
Үстел ойыны соңғы кездері кеңінен тарауда. Егер қойылған бағаға сай таба алсаңыз, ол кез келген адамның көңілінен шығуы мүмкін.
2. Су құюға арналған бөтелке
Су құюға арналған бөтелке – кез келген адамға қажет ыдыс. Оны жұмысқа да, жаттығу залына да және серуендеуге де алып шығуға болады.
3. Шарф
Қысқы суық күндерге арналған жылы шарф ешкімге артық етпейді. Оны досыңызға, әріптесіңізге немесе бастығыңызға сыйлауға болады.
4. Бижутерий салғыш немесе ілгіш
Кез келген қызда бижутерий болады. Сондықтан әшекей салатын сандық алуға болады немесе ерекше бижутерий ілгіш таңдауға болады.
5. Қолға арналған эспандер
Қалтаға салып жүруге болатын бұл құралды үйде де, кеңседе де қолдануға болады.
6. Бояу кітапшасы
Ересектерге арналған бояу кітапшасы қиын әрі ұсақ суреттерден тұрады. Ол көбірек зейінді қажет етеді. Бояу кітапшасына қарындаштар жинағын қосуға болады.
7. Антистресс-ойыншық
Антистресс-ойыншық кез келген қызға ұнауы мүмкін. Оның жануар пішінді түрлері кең таралған.
8. Көп функциялы құрал
Бос уақытын сапарға немесе табиғатқа шығуға арнайтын белсенді адамдарға көп функциялы құрал сыйлауға болады. Оған пышақ және түрлі ашқыштар кіреді.
9. Блокнот
Блокнот – өз сұранысын жоғалтпайтын сыйлықтың бірі. Егер стилін таба алмасаңыз, классикалық түрін таңдаңыз.
10. Үй ағашы
Сыйлық ретінде ақша, лимон, кофе немесе басқа кез келген үй ағашын таңдауға болады. Үйде бөлме өсімдігін ұстау көңіл күйді көтереді және атмосфераны жайлы етеді.
11. Үй тәпішкесі
Жылы үй тәпішкесін немесе массажды тәпішке алуға болады.
Жаңа жыл кешіне арналған ерекше тілектер
12. Кітап
Кітап – кез келген уақыттың, мерекенің сыйлығы. Бастысы – әріптесіңіздің немесе досыңыздың не оқығанды жақсы көретінін білу.
Сіз қандай идея қосар едіңіз?
А. Жапатова