Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл – 2018 / Мерекелік сыйлық: ұлыма

Мерекелік сыйлық: ұлыма

Мерекелік сыйлық: ұлыма

Бала үшін жаңа жыл, бірінші кезекте сыйлықтар мен тосынсыйды білдіреді. Қазіргі балалардың көпшілігі "Киндер сюрприз" тәттісін жақсы көреді. Сондықтан үлкен киндерді қолдан жасау жолын ұсынамыз. Оны жасау көп уақытыңызды алғанымен, бала үлкен киндерді көргенде қуанатыны сөзсіз. Мұндай сыйлықты тек кішкентай балаларға ғана емес, сүйіктіңізге, сыныптасыңызға және анаңызға да сыйлауға болады. 

Қажетті құралдар:

- шар;
- 500 мл ПВА желім;
- ақ қағаздар;
- қызыл түсті бояу (акварель немесе гуашь);
- киндерге салатын сыйлықтар.

Шарды үріп, жіппен байлаңыз.

Ақ қағаздарды кішкентай төртбұрышты етіп қиып, ыдысқа су құйыңыз.

Қағазды суға сулап, шарға жабыстырыңыз. 

Шарды жіппен бекіткен жерді аздап ашық қалдырыңыз.

Желімді ыдысқа құйып, қылқалам дайындап алыңыз.

Үстелге газет жайып алыңыз, себебі айналасына желім ағып кетуі мүмкін. Содан соң ақ қағаздарды желіммен жабыстырып шығыңыз. Осындай жолмен 2-3 қабат жасаңыз. Әр қабаттан соң желімнің кепкенін күтуге болады немесе барлық қабатты жабыстырып алып, кебу үшін 1 тәулікке қойыңыз.

Желімнің толықтай кепкенін байқасаңыз, шардың жібін шешіп, немесе оны қиып тастаңыз. Сол кезде шардың ауасы шығып, босаған соң, оны алып шығасыз.

Шарды алған жердегі ойықты ақ қағазды желімдеу арқылы немесе екі жақты скотч көмегімен білдіртпей, жабысытырып тастаңыз.

Оның астыңғы жағын кидердегі секілді қызыл түспен (акварель немесе гуашь) бояңыз. Бояу жылдам кебеді.

"Киндер Сюрприз" жазуын интернеттен тауып алып, түсті принтерден шығартуға болады немесе қарапайым маркермен жазуға да болады. Мен түсті принтерден шығарғандықтан, әріптерді ойып қидым.

Жазуды қызыл бояуды баспайтындай етіп жабыстырыңыз. 

Киндердің артқы жағынан "есік" жасау керек. Ол үшін алдымен ұшы өткір пышақпен тесіп жіберіп, одан соң қайшымен қиып шығыңыз.

Киндерге салатын сыйлықтарыңызды дайындаңыз. Ол түрлі тәттілер, жемістер, ойыншықтар болуы мүмкін. Оларды киндерге салған соң есігін скотчпен бекітуге немесе арнайы тесік жасап, лентамен байлауға болады. Менде есігін жапқан кезде аздап ішіне кіріп, ештеңемен бекітпей-ақ жабылып тұрды. 


Сыйлық иесіне жетті. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!

2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2017, 18:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.