Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Залалсыздандыру (дизенфекция)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Залалсыздандыру (дизенфекция)

1867 жылы англиялық дәрігер Джозеф Листер залалсыздандыру әдісін ойлап тапты. Листер ойлап тапқан залалсыздандыру тәсілі медицина тарихындағы ұлы жаңалық болып саналады. Осының құрметіне кейінгілер оны «Сыртқы жарақаттарды залалсыздандырудың атасы» деп атап кеткен.

Джозеф Листер(1827-1912)

12 ғасырда-ақ Жаудолх есімді адам жарақаттың микробтануын бәсейту үшін батылдықпен «құрғақ» емдеу әдісін ортаға қойып, микробтардың алдын алуда табысқа жеткен. 17 ғасыр мен 18 ғасырда сыртқы аурулар операциясы саласын бейне тұман торлағандай заман болды. Себебі, дәл осы дәуірде жарақат сәтті тігілгенімен көбі іріңдеп кете беретін. Адамдар жарақат аузының іріңдеуінің сырын білмей дал болды. Бұл құпияның сырын тұңғыш ашқан адам франциялық Бост есімді адам болды. Ол жарақат аузын бактерия іріңдеткен деп қараған. Босттың бұл байқауы медицинаның микроорганизмдер ғылымы саласына теориялық негіз қалады. Листер дәл осы кезде сыртқы жарақаттардың аузының іріңдеу мәселесін зерттеп жүрген еді. Босттың байқауы оның әуесін қозғап, шабыт берді. Ол ақырында фенолдан жасалған ерітіндіні жасап шығып, онымен операция жабдықтарын, операция жасаушының қолы мен науқастың жарақат аузын залалсыздандырды. Осылайша науқастардың микробтану және өлу салыстырмасы күрт төмендеді. Листер үздіксіз өзгертулер мен дамытулар жасап, су және май қосып араласпа ертінді жасап, фенолдың күшін бәсейтіп, залалсыздандыруға пайдаланды. Ол ақыры бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан «Листер сыртқы ауруларды залалсыздандыру тәсіліне» айналды.

Джозеф Листердің әріптестеріне залалсыздандыру туралы айтып тұрған сәті

Залалсыздандыру тәсілінің пайда болуы сыртқы аурулар медицинасының мың жылдық дамуының нәтижесі. Ол нақты практика мен теорияның өзара бірлесуінің туындысы.

Залалсыздандыру әдісінің тапқырлануы сыртқы ауруларды емдеу тарихындағы төңкерістік мәні бар оқиға. Ол сансыз адамды ажалдан арашалап, сыртқы ауруларды емдеудің жаңа бетін ашты. Осы тәсілді Англия, Германия, Франция сияқты елдердің емханалары қолдану арқылы «Листер сыртқы ауруларды залалсыздандыру тәсілі» тез арада мойындалып әрі кең көлемде жалпыласып, бүкіл дүниедегі дәрігерлер арты-артынан оны үлгі етіп, емхананың операция үйлеріне кең көлемді залалсыздандыру-тазалау жасады. Операция бөлімі қатаң залалсыздардыру ережелерін бекітті. Қазір залалсыздандыру әдісі сыртқы ауруларды емдеудің аясынан алқып шығып, адамзаттың ақаусыз тұрмысының қажетті кепіліне айналды.

Джозеф Листер залалсыздандыру құралын істеті үстінде

Листер 1827 жылы англияның Эйсекс деген жерінде дүниеге келген, 1852 жылы Лондон университетін тәмәмдаған. 1877 жылға дейін Эдинбург және Лондондағы Кололдық ауруханада сыртқы аурулар профессоры болып қызмет атқарған. 1892 жылы Франция үкіметі өткізген Босттың 70 жылдық мерей тойында Джозеф Листер мырза шын көңілмен: «Сіз адамдар үшін жұқпалы аурудың қара пердесін сырып тастадыңыз», - деді. 1893 Листер Барон атағын алды, ол осы атақты еншілеген тұңғыш Англиялық шипагер болды.

Заманауи ота жасау бөлмесі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар:  Пенициллин 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: impharma.ru

M. Auelkhan