Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөйлемдер #10

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөйлемдер #10

Ағылшын тіліндегі ауызекі сөздердің қазақша баламасын үйренуді жалғастырамыз.

Бірінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #1

Екінші бөлімі: 

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #2

Үшінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #3

Төртінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #4 

Бесінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #5

Алтыншы бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #6

Жетінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #7

Сегізінші бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөздер #8

Тоғызыншы бөлімі:

Ағылшынша-қазақша үнемі қолданылатын ауызекі сөйлемдер #9

Назарларыңыздағы бөлім соңғы бөлімі.

 

961. Walking up and down the stairs would beat any exercise machine.

Баспалдаққа шығып-түсу әрқандай жаттығу құралынан асып түспек.

962. Had it not been for the alarm clock she wouldn't have been late.

Қоңыраулы сағаттың кесірі болмағанда ол кешігіп қалмайтын еді.

963. How ever you may work hard, the boss will not be fully satisfied.

Қаншалық құлшынып істесең де басекең мүлде риза болмайды.

964. If he had not broken his tooth, he would not be in hospital now.

Егер ол тісін сындырып алмаған болса, қазір ауруханада жатпайтын еді.

965. You might as well throw your money away as spend it in gambling.

Сен ақшаңды құмар ойынына жойғанша, өз қолыңмен лақтырып жібергенің жақсы.

966. Can you put me in the picture about the World Cup Football Match?

Футболдан әлем чемпианаты туралы маған түсінік бере аласың ба?

967. I'm usually just using the search engines to look up information.

Мен үнемі іздеу жүйелері арқылы мәлімет іздеймін.

968. He goes home early everyday for fear that his wife would be angry.

Ол әр күні үйіне әйелі ұрсады-ау деп қорыққанынан ерте қайтады.

969. I regret to inform you that we are unable to offer you employment.

Мен сізге біздің жұмыс беруге шарасыз екенімізді айтпақпын.

970. I will continue my learning, though I am tired of learning English.

Мен ағылшын үйренуден шаршасам да, үйренуімді жалғастырамын.

971. Li Bai is one of the greatest poets that have ever lived in China.

Лай Бай қытай ақындарының ең кереметі.

972. Many people complain that computers are taking over their jobs.

Көптеген адамдар компьютердің өздерінің қызмет орнын басып алғанына налиды.

973. The cupboards in her kitchen were full of things she did not need.

Оның асхана үйіндегі кебеже оған керексіз нәрселермен толып қалған.

974. What he said did not annoy me much, for I knew he did not mean it.

Оның әдейі істемегенін білгендіктен айтқан сөздері мені көп мазалай қоймады.

975. He asked me some personal questions, but I would never answer them.

Ол менің жеке басыма қатысты сұрақтар сұрады, бірақ мен мүлдем жауап бермедім.

976. I don't care where we go as long as we don't have to stand in line.

Қайда барсақ та бәрібір, әйтеуір кезекке тұрмасақ болды.

977. She likes Mike a lot, but she doesn't want to get married so early.

Ол Майкты ерекше жақсы көреді, бірақ ерте некеленгісі келмейді.

978. Why don't you find a job and end this dependence upon your parents?

Неге бір қызмет тауып, жұмыс істеп, ата-анаңа масыл болғанды қоймайсың?

979. Will you please try to find out for me what time the train arrives?

Отарбаның қашан келетінін маған амалдап тексеріп бересіз бе?

980. A good knowledge of English will improve your chances of employment.

Ағылшыншаны жақсы білуің жұмыс табу орайыңды көбейтеді.

981. If she finds out you spilled ink on her coat, she'll blow her stack.

Егер ол сенің сырт киіміне сия шашқаныңды білсе, қатты ашуланар еді.

982. I would be very grateful for information about entry to your college.

Колледжге кіру шақыруын жіберсеңіздер қатты қуанар едім.

983. Mr. Smith knew Jack didn't look at the others because he was nervous.

Цмис ханым Джактың қобалжығандықтан басқаларға қарамағандығын біледі.

984. On being introduced to somebody, a British person often shakes hands.

Британдықтар басқалармен танысқанда үнемі қол алысады.

985. I want to take a walk along the river bank, singing my favorite songs.

Менің ең жақсы көретін әнімді шырқай өзен жағасын жағалап жүргім келеді.

986. Many people believe that overweight results from overeating and stress.

Көптеген адамдар семіздіктің артық тамақтану мен қысымның зардабы екенін біледі.

987. Yet all these things, different as they seem, have one thing in common.

Мына заттардың барлығы бір-біріне ұқсамағанымен, ортақ бір жерлері бар.

988. All my best memories come back clearly to me, some can even make me cry.

Барлық ерекше естерліктерім ап-анық ойыма оралды, кейбірі тіпті менің көзіме жас келтірді.

989. This is the most wonderful day of my life, because I'm here with you now.

Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күнім, себебі қазір мен мұнда сенімен біргемін.

990. When I was young, I'd listen to the radio, waiting for my favorite songs.

Мен жас кезімде, ең жақсы көретін әнімді күтіп радио тыңдап отырушы едім.

991. I'm certain he'll go to see the film, because he's bought a ticket.

Мен оның киноға баратынын кесете аламын, себебі ол бір билет алып қойған.

992. Unfortunately you'll have to pay the fine before you check those books out.

Өкініштісі, сіз ол кітаптарды оқуға алу үшін сөзсіз алдымен айыппұлды төлеуіңіз керек.

993. Hi! You guys keep talking so loudly that I have to speak at the top my voice!.

Ау, жігіттер! Бұлай айғайлап сөйлеуді қоймасаңдар, мен де бар даусыммен сөйлеймін.

994. We should not only know the theory but also how to apply it to practice.

Бізге теорияны ғана білу жеткіліксіз, оны шын өмірде қалай қолдануды да білуіміз керек.

995. Combining exercise with the diet may be the most effective way to lose weight.

Аз тамақтану мен дене шынықтыруды біріктіру арықтаудың ең өнімді жолы болуы мүмкін.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: the-toast.net

M. Auelkhan