Ұлылардың ұстаздары

Ұлылардың ұстаздары
Фото: kartinkioboi.ru

Барлық ұлы адамның үлгі тұтатын тау тұлғасы болған. Ескендір Зұлқарнайын Аристотельді, Юлий Цезарь Ескендір Зұлқарнайынды, Мұхаммед Әли Шуграт Рой Робертсонды, Исаак Ньютон Сократты, Стивен Хойкинг Исаак Ньютонды, Шәкәрім Құдайбердіұлы Абай Құнанбаевты үлгі тұтқан. 

Данышпандар өздерінің үлгі тұтатын адамдарымен ойша әңгіме-дүкен құру арқылы көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтың жауабын тапқан. Бұл тәсілді тек данышпандар ғана емес, кез келген қарапайым адамның да қолдануына болады. 

Тони Бьюзеннің (Тони Бьюзен – психолог, 100-ден аса кітаптың құрастырушысы, авторы, ми мен ойлану, шығармашылық туралы зерттеу саласында үлкен еңбек сіңірген адам) "Шығармашылықты дамытудың 10 тәсілі" атты кітабында осы жайлы айтылады. Психолог жаныңызға жақын 4-5 ұлы тұлғаны таңдау керектігін жазады. Тығырыққа тірелгенде тыныштықта жатып, әр тұлғамен жеке-жеке ойша сөйлесу керек. Ол адамдар осы жағдайда қандай әрекетке барар еді? Бұл жаттығудың нәтижесі міндетті түрде болады. Іске сәт!

М. Оңғарова