Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Тайвань: табиғи апаттан 26 адам мерт болған

Тайвань: табиғи апаттан 26 адам мерт болған

Отдых за границей

Тайвань: табиғи апаттан 26 адам мерт болған

Хабарлама Жас Исакаев » 07 ақпан 2016, 18:10

Тайвань аралының оңтүстігінде жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 26 адамға жетті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, олардың 24-і – жер сілкінісі салдарынан құлаған 17 қабатты тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Бұл кешен 1989 жылы тұрғызылған.

Билік орындарының жексенбі күні таңертең жариялаған мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кейін 170-тен аса адам құтқарылған.

Табиғи апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қираған ғимарат астында жүзден аса адам қалып қойған деген болжам бар.

Тайваньда сенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат төртке қарай 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. Екі миллион адам тұратын Тайнань қаласында бірнеше ғимарат құлап, кейбірінің астында адамдар қалып қойған.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шетелдегі демалыс

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1