Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Шұжықтар денсаулыққа зиян келтіреді

Шұжықтар денсаулыққа зиян келтіреді

Здоровье

Шұжықтар денсаулыққа зиян келтіреді

Хабарлама Жас Исакаев » 03 наурыз 2016, 17:56

Өндірісте өңделген ет — шұжық, шұжықша, тұшпараға салынған ет, жартылай әзірленген тағамдар — ұйқы безі обырының қаупін арттыра түседі. Бұл пікірді Швецияның Каролина институтының ғалымдары айтып отыр.

Күнде желінген өңделген еттің әрбір 50 грамы (бір шұжықша) бұл қауіпті 19 пайызға арттыратын көрінеді.

Зерттеу жетекшісі Сюзанна Ларсонның айтуына қарағанда, адамдардың көбі өңделген етті күніне қанша мөлшерде жейтіндерін байқамайды. Бұған кафелерде желінген котлеттерді, салаттардың құрамындағы етті, хот-догтар мен гамбургерлерді қосыңыз.

Ғалымдар күнделікті мәзірге көңіл бөліңіздер, мүмкін болса, жоғарыда аталған өнімдерді мүлде жемеңіздер немесе барынша азайтыңыздар дейді.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1

cron