Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Тісіңізді ағартқыңыз келсе...

Тісіңізді ағартқыңыз келсе...

Здоровье

Тісіңізді ағартқыңыз келсе...

Хабарлама Жас Исакаев » 13 қаңтар 2016, 16:31

Бәріміз де тісіміздің аппақ болып, жарқырап тұрғанын қалаймыз. Тіпті оны ағарту үшін неше түрлі әдіс қолданатынымыз да бар. Алайда олардың басым көпшілігі тіс эмаліне зақым келтіретінін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Сондықтан біз бүгін сізге тісіңізді айнадай жарқырататын тамаша әдіс ұсынғалы отырмыз.

Ол үшін сізге:

- 1 ас қасық кокос майы;
- 0,5-1 шай қасық куркума;
- 1-2 тамыш эфир майы және жалбыз керек.

Барлық ингредиенттерді бір ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. Кейін дайын болған пастаны тісіңізге жағып, бірнеше минуттан соң аузыңызды шайыңыз. Бұл әдісті күн сайын пайдалансаңыз 1 айдан соң тісіңіздің әлдеқайда ағарғанына көзіңіз жетеді. Сонымен қатар бұның құрамындағы куркума тістің қызыл иегіне өте пайдалы. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1