Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Суицид болдырмайтын азық-түліктер

Суицид болдырмайтын азық-түліктер

Здоровье

Суицид болдырмайтын азық-түліктер

Хабарлама Актоты Жапатова » 11 қаңтар 2016, 15:38

Күйзеліске шалдықпас үшін не жеу керек?

Бұл сұраққа Халықаралық денсаулық сақтау және медицина саласы бойынша ұлттық орталықтың жапондық ғалымдары көкөністер және жемістер деп жауап берді.

Осы сұраққа жауап беру мақсатында шамамен сегіз жарым жыл бойы зерттеу жүргізілді. Тәжірибеде 45 және 74 жас аралығындағы 90 мың адамның тамақтану әдеті тексерілді. Нәтижесі бойынша көкөністермен және жемістермен тамақтанған адамдардың өз-өзіне қол жұмсау қаупі басқаларына қарағанда екі есе төмен болып шықты. Майлы әрі тәтті тағамдармен тамақтанған қатысушылар керісінше, өзіне қол жұмсаушылардың қатарын толтырады.

Ғалымдар бұл құбылысты әртүрлі түсіндіруде. Көкөністер мен жемістерді ұнатпайтын адамдар созылмалы аурулармен көп ауыратындықтан, суицидке итермелеуі мүмкін. Алайда басқа да тұжырым бар. Пайдалы азық-түліктердің құрамы әртүрлі күйзелістермен күресетін табиғи антидепрессанттарға толы екені бұрыннан белгілі.

Өз-өзіне қол жұмсау қаупін төмендететін тағамға кофе де жатады.
Актоты Жапатова
 
Хабарлама: 23
Тіркелді: 22 желтоқсан 2014, 09:10

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1