Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Қазақ халқы адам жасын қалай санаған?

Қазақ халқы адам жасын қалай санаған?

Интерьер

Қазақ халқы адам жасын қалай санаған?

Хабарлама Жас Исакаев » 20 қаңтар 2016, 17:52

Сіздер бұған дейін адам жасын қалай санау керектігін білдіңіздер ме? Аттан жығылса да, салттан жығылмаған халқымыз оны төмендегідей пайымдайды. Назар аударыңыздар.
Қозы жасы
Ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған. Бұл — еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бала еңбектің қиындығын көріп, дәмін татқан.

Қой жасы

Бала 13 жастан асқан соң қозы емес, қой бағуға ауысқан. Сондықтан 13-20 жастың арасын "қой жасы" деп есептеген. Қыстың суығына, жаздың ыстығына шыдап, бір қора қойды бағу оңай болмаған. Ит-құсқа жегізбей, ұры-қарыдан сақтап, жоғалтпай бағу төзімділік пен шыдамдылықты қажет еткен.

Жылқы жасы

Қой бағуға төселіп, сыннан сүрінбей өткендер "жылқы жасына" ауысқан. Қызығы мен қиындығы көп жылқы малын бағуды 25-40 жас аралығындағы жігіттерге тапсырған. Сондықтан жиырма бесті "жылқы жасы" деп білген.

Патша жасы

40 жас "патша жасы" деп есептелінген, себебі бұл жастағы адамдардың кейбірі атқа мініп, ел басқарған. Өзінің ақылымен, батырлық-батылдығымен, өнерлі шешендігімен көпке танымал болып, даңқы шыққан.
Жас Исакаев
 
Хабарлама: 1529
Тіркелді: 12 желтоқсан 2014, 13:09

Оралу: Шаңырақ

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1

cron