Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Студент, тәбетің қалай?!

Студент, тәбетің қалай?!

Общий раздел

Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Нұрмат Арғын » 28 сәуір 2012, 19:03

Студент, тәбетің қалай?!

Студенттік кезең – жастық шақтың ең бір қызықты кездері. Қызығы мен шыжығы аралас кездер есте қалары сөзсіз. Бірақ та «сол уақытта кеткен қателіктерім-ай» деп өкініп отырса, қиынның қиыны сонда болмақ. Біз жастық шақта өткізген бос күлкі, ырду-дырду жүрістердің өкінішін айтқалы отырғанымыз жоқ. «Ауру – астан, дау – қарындастан» демекші, күнделікті дұрыс қоректенбеген ас жайында болмақ.
Әне-міне дегенде сессия уақыты да жетеді. Яғни, бұл – ұйқысыз түндер, күн тәртібі мен демалыстың бұзылуы, мөлшерден тыс ақпарат қабылдау. Бұл жағдайдан бізді алып шығатын – дұрыс ұйымдастырылған, тиімді, уақытылы тамақтану. Көбіне-көп студенттер жүйелі түрде тамақтанбайды: жолда жүріп азын-аулақ, құрғақ тамақтану, күніне бір немесе екі мезгіл тоя тамақтану, асхана қызметтерін пайдаланбау, т.б. Ағзаның дұрыс жұмыс жасауы үшін оған күнделікті тамақпен бірге негізгі қоректік компоненттер болуы керек. Оларға ақуыз, май, көмірсутек, дәрумен және әртүрлі микроэлементтер жатады. Мидағы сұр зат өзі дене массасының 2-3%-ын құраса да, оның 100 млрд-тан астам жасушасы бүкіл энергияның 20%-ын жұтады екен. Әрине бұл қуатты біз тек астан ғана аламыз. Студенттердің аш жүруі дағдылы нәрсе болып көрінгенімен, уақытылы тамақтанбау дұрыс емес. Өйткені еліміздің болашағы жарқын болу үшін, бізге белсенді, тепсе темір үзетіндей дені сау жас мамандар қажет.
Нұрмат Арғын
 
Хабарлама: 21
Тіркелді: 01 қаңтар 2012, 14:12

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Ақ-Ерке Әбілхан » 21 маусым 2012, 14:57

еххх, асқазан
Ақ-Ерке Әбілхан
 
Хабарлама: 508
Тіркелді: 16 ақпан 2012, 12:59

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Атақ пен Шатақ » 25 маусым 2012, 16:53

"студент пен бөрі азығы жолда"- дейді ғой...
Атақ пен Шатақ
 
Хабарлама: 926
Тіркелді: 09 ақпан 2012, 23:36

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Ғазиза Ұзақ » 26 маусым 2012, 09:18

Тәбет жаман емес, шүкір
Ғазиза Ұзақ
Администратор
 
Хабарлама: 904
Тіркелді: 07 желтоқсан 2011, 12:04

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Ай-керім Сматуллаева » 26 маусым 2012, 13:29

Студент деген атты иеленіп жүргеніме 2 жыл болыпты. 2 жыл бұрынғы асқазаныммен қазіргі асқазанды салыстыруға келмейді...Жер мен көктей..
Ай-керім Сматуллаева
 
Хабарлама: 963
Тіркелді: 16 ақпан 2012, 13:03

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Қаңбақ Шал!!! » 26 маусым 2012, 13:44

Студенттік кезде дұрыс тамақтанбайтынбыз, сосын универді бітіргеннен кейін асқазан сыр бере бастады, Қазір емделіп жүрмін. Студенттерге айтарым ДҰРЫС уақытында тамақтаныңыздар! :ugeek:
Қаңбақ Шал!!!
 
Хабарлама: 15
Тіркелді: 15 маусым 2012, 08:58

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама 김현중 (Kim Hyun Joong) » 26 маусым 2012, 13:55

Мен КАЗГУ-да оқып жүргенімде, сессия кезінде аз ұйықтайтынмын, таң ертеңнен кешке дейін тамақтанбай жүре беретінмін, бәрі таңқалатын "о қандай шыдамдысың" деп. Бір күндері тіпті су ішіп жүре беретінмін, ех, жастық студенттік шақ-ай!!! Осы соңғы рет ауруханаға тексерілуге барғанымда, асқазаның "ГАСТРИТ" деген диагноз қойды! Шошып кеттім, неге? қайдан пайда болды? Дәрігер гастриттің дұрыс тамақтанбаудан болатындығын айтты, сосын мен қатты өкіндім. Сол студенттік шаққа қайтып оралсам ғой, тамақты өз уақытында, қарнымды аштырмай 3 уақыт жейтін едім.
김현중 (Kim Hyun Joong)
 
Хабарлама: 3
Тіркелді: 25 маусым 2012, 09:55

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Мейіргүл (ushkin) Оңғарова » 26 маусым 2012, 17:26

Асқазанды біртіндеп емдеуге болады ғой... Уақытында дәрумендері көп тамақ ішіп дегендей...Сондықтан уайымдамаңыз ;)
Мейіргүл (ushkin) Оңғарова
Администратор
 
Хабарлама: 1405
Тіркелді: 07 желтоқсан 2011, 12:05

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама 김현중 (Kim Hyun Joong) » 27 маусым 2012, 16:22

김현중 (Kim Hyun Joong)
 
Хабарлама: 3
Тіркелді: 25 маусым 2012, 09:55

Re: Студент, тәбетің қалай?!

Хабарлама Ақ-Ерке Әбілхан » 04 шілде 2012, 16:04

шланг жұтуға дейін бармаса болғаны, жамааааан жұтқан :(
Ақ-Ерке Әбілхан
 
Хабарлама: 508
Тіркелді: 16 ақпан 2012, 12:59

 

Оралу: Жалпы бөлім

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 0

cron