Қызығын-ай...

Қызығын-ай...

- Мама, папам келе жатыр!
- Немен келе жатыр екен, машинасымен бе?
- Жоқ, төрт аяғымен.

                                           CryCryCry

Газет бастығы шошқалар фирмасында болып қайтады. «Правда» газетінің редакциясы Керуенбек бастық шошқалардың арасында түскен суретінің астына не деп жазарын білмей бастары қатуда:
- Мүмкін, «Керуенбек жолдас шошқалардың арасында?»
- Жоқ, болмайды.
- Мүмкін, «Шошқалар қоршаған Керуенбек жолдас?»
- Ол да болмайды.
Газет шыққаннан кейінгі сурет астындағы жазуда: «Оң жақтан санағанда үшіншісі Керуенбеу жолдас» деп жазып қойыпты.

                                            SealedSealedSealed

Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр:
- Оңбаған, ит, қасиетсіз... Кетемін мен бұл үйден. Билетке ақша бер! Шешеме барамын.
Күйеуі ақша ұсынады. Әйелі болса бір қарап қойып:
- Оңбаған, ал қайтарға ше?

                                             Money mouthMoney mouthMoney mouth

Бір күні жынды жаңғақ шағып отыр екен. Қолынан бір жаңғағы абайсызда түсіп кетіпті. Жынды тұрып:
- Бері кел!-депті. Жынды ашуланып:
- Бері кел, мен саған не айттым!-депті. Шақырып шаршаған жынды ең соңғы екі жаңғағына:
- Бар ананы алып келіңдер!-деп лақтырып жібереді.

                                             Tongue outTongue outTongue out

Жас ақын өз жырларын бір сыншыға көрсетіп, бағасын беруді сұрайды. Сонда сыншы:
- Сенің өлеңдерің Абайды еске түсіреді екен.
Жас ақын:
- Абайды?
- Ия, менің кішкентай балам Абайды, -деген екен.

                                              WinkWinkWink

Мұғалім:
- Балалар, біз электр қуатын қайдан аламыз?
- Орманнан.
- Неге олай ойлайсың, Азамат?
- Кеше папам жарық сөнген кезде «Мына маймылдар жарықты тағы сөндірді-ау»  деген.

                                             Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

Сабақ өзкізіп отқан тарихшы бір мұғалім:
- Әсет, Стамбулды кім алды? - дейді.
- Жо-жоқ, мен алған жоқпын. Абзалдан сұраңызшы, сол алған шығар?-дейді Әсет.
- Абзал, Стамбулды кім алды? - дейді мұғалім.
- Жоқ, мен де алған жоқпын! - деп Абзал да азар да безер болыпты.
Үзілісте мұғалімдер бөлмесіне оралған тарихшы соны айтып, қатты ренжіп отырады. Директордың оқу ісіндегі орынбасары оны жұбата сөйлеп:
- Оның несіне ренжисіз, жоқтан өзгеге жүйкеңізді тоздырмаңыз. Баланың аты-бала емес пе, байқамай алған шығар, ертең қайтарып береді, - дейді. Тарихшы мырс етіп шығып кетеді де, директорға барып сыныпта болған жайтты, оған орынбасарының не дегенін айтып береді. Директор маңғаздана сөйлеп:
- Ия, ия түсінікті... Қай сынып дедің? - дейді.
- Бесінші «Б» сыныбы.
- Ә, олар алғандарын ешқашан мойындамайды.

Оқи отырыңыз: 

Ойын-күлкі дәрумен

Көңілді көтеретін сәт келді!

Күлкінің қызығына батқыңыз келсе

Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

 

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: rudni4ok.blogspot.com

Н. Нұрмаханұлы