Ойын-күлкі дәрумен

Ойын-күлкі дәрумен

Бастық шопырына:
- Мына 10 сомды ал да, вокзалға барып енемді күтіп ал.
- Егер ол кісі келмей қалса ше?
- Онда сүйіншісіне тағы да 10 сом аласың.

                                                Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

Күйеуі әйеліне:
- Ойпыр-ай, телефонмен бір сөйлессең, кемінде бір сағат сөйлесуші едің, мынауыңды бар-жоғы жиырма минуттың төңірегінде шиырлап тастадың-ау, аманшылық па, әйтеуір?!
- Басқа нөмірге түсіпті...

                                                Money mouthMoney mouthMoney mouth
Үлкен дүкеннің бастығы орынбасарынан сұрап отыр:
- «Бізге түнгі қарауыл керек» деп хабарландыру бермеп пе едік газеттерге?
- Бергенбіз.
- Нәтиже бар ма?
- Бар... түнде бізді тып-типыл етіп тонап кетті.

                                                UndecidedUndecidedUndecided

Сот үкім шығарар алдында ұрыға:
- Ұрлық қылғаныңда ана үйіңдегі өлмелі шешеңді бір сәт ойладың ба? – дейді кіжініп.
- Ойлағанда қандай... бірақ ол жерде ол кісіге лайықты еш нәрсе болмады...

                                                Tongue outTongue outTongue out

Базарға жиналған Эминге әйелі екі бес сомдық беріп:
- Бес сомның біріне  - май, екіншісіне – ірімшік сатып әкел, - дейді.
Базарға кеткен Эмин бір сағаттан кейін қайта оралып, әйеліне:
- Бәйбішем-ау, сен маған бес сомдықтың қайсысына май, қайсысына ірімшік алу керектігін айтпапсың ғой, - дейді.

                                                WinkWinkWink
Біреу көршісіне мақтанып:
- Менің итім газет оқи алатын болды, - депті.
Сонда көршісі:
- Мен оны білемін, маған ол туралы итім айтқан болатын... – депті.

                                                SmileSmileSmile
Тыңшы әскерлердің аспазынан:
- Неше адамға тамақ пісіресің? – деп сұрапты.
- Айта алмаймын, ол әскери құпия.
- Ыдыс-аяқ жуу қиын шығар?
- Қиын болмағанда! Алты жүз елу тарелка мен қасықты жуып көр, сен!

                                                SealedSealedSealed

Бас киімін адам көргісіз етіп былғап келген баласына шешесі ұрса бастайды. Ол төмен қарап міңгірлеп болған жайды баяндады.
- Ана балалар кінәлі, тәп-тәртіпті-ақ, түп-түзу үйге келе жатыр едім, шәпкімді тартып алып футбол ойнай жөнелді.
- Сен не істедің?
- Қақпада тұрдым.

Құрастырған: С.Сапаров

Оқи отырыңыз:

Ол не дейді? (Езутартар)

Көңілге қонымды әзілдер

Бала үнсіз қалған кезде не бүлдіреді?

Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.goodfon.ru

Н. Нұрмаханұлы