Қорқынышты жеңу биікке жетелейді (видео)

Қорқынышты жеңу биікке жетелейді (видео)
Фото: vanityfair.com

Өмірде кім өз қорқынышын жеңсе, сол үлкен жетістікке жететіні белгілі. Осы тұрғысында көптеген ғұламалар өз ойын білдірсе, ақындар жігерлілік туралы жыр жазып жатады. Адамның ішкі қорқынышын жеңуі оңай емес. Сондықтан да көптеген жандар орта жолдан қайтып өкініп жатады. "Pixar" студиясы психологияға әсер ететін "Рiper" атты тамаша анимациялық мультфильм жасап шығарған екен. Жаңадан туылған шағаланың баласы дайын нәрсеге құмар болады. Алайда, мұның дұрыс емес екендігін көрсетуге тырысқан анасы қорегін өзі тауып жеуге итермелейді. Тамақ табу жолында толқынға батқан балапан екінші мәрте суға жақындамайтындай болады. Әйтсе де қорқа-қорқа құмдауықтың көмегімен батыр болып, ең үлкен асты өзі жей бастайды. "Жүз рет естігеннен, бір рет көрген" артық дегендей, өздеріңіз көріп қорқыныштарыңызбен күресе біліңіздер.  

B. ZHAQSYMBET