Біздің зердемізде кім өмір сүреді?

Біздің зердемізде кім өмір сүреді?
Фото: rutube.ru

15 маусым күні Meloman компаниясының ұйымдастыруымен "Зерде" анимациялық фильмнің тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адамның әрбір іс-әрекетін біреу басқарып отырады десе, сенер ме едіңіз? Ал ол басқарушы жалғыз емес, бірнешеу десе ше? Бұл сөзді алғаш естігенде шегіңіз қатып күлерсіз, артынша сәл ойланып барып, мойындамауға тырысарсыз. Бұл қалыпты жағдай. Сіздің санаңызды басқарып отырған - Қуаныш, Жиіркеніш пен Ашу. Аталған үшеуінен бөлек зердеңізде Қорқыныш пен Қайғы да бар. Олар сіздің эмоцияларыңызды басқарып отырады, сол арқылы әртүрлі жағдайларда шешім қабылдауыңызға әсер етеді. Қызық, иә? Әңгіменің төркініне көшелік.

«Зерде» - бұл «Pixar» студиясының кезекті таңғажайып мультфильмі. Туындының бас кейіпкері 11 жасар оқушы қыз - Райли. Барлық адамның зердесінде өмір сүретін басқарушы бес эмоция (Қуаныш, Қайғы, Қорқыныш, Ашу мен Жиіркеніш) ода да бар. Бұл бесеуі кішкентай қызға өмірде кезігетін түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі, бірақ жасына қарай олардың да тәжірибесі аздау. Сол себепті өздері басқарып отырған құрылғы Райлидің өмірінде үлкен өзгеріс бола қалған еді, бесеуі бұл жәйтті дұрыс қабылдай алмай, өзара қырқыса бастайды. Әрқайсысы өзінікін дұрыс деп есептейді, алайда аласапыраннан шығатын жол бірлесе жұмыс істеуде екенін әлі ешқайсысы түсіне қойған жоқ.

18 маусымнан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көресетіле бастайтын осы туынды арқылы «Pixar» студиясы адам қиялының шексіз екенін және сол қиялды экран арқылы көрсетуге болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Зердені» көрген әрбір жан өзінің басындағы бесеудің мінезін, киімін, түр-әлпеті мен іс-әрекеттерін елесететіп кететіні рас. Оларды басқаруға тырысатындар да табылатыны сөзсіз.  

Y. Almabek