- Негізгі бет
- Езутартар
- Көңілге қонымды әзілдер...
Көңілге қонымды әзілдер
Шетелдік ерлі-зайыпты Орта Азияны аралап жүреді. Әйелі құлағы қалқиған есекті көріп:
- Джон, мына бір ғажап аңды қара. Құлағы неткен ұзын! – деп таңданады. Сонда ері:
- Ия, бұл қоян кемінде үш жүз жыл өмір сүрген шығар, - депті.
Түрмеде кезекті сотталушыны тілге тартып отыр.
- Не үшін отырсың?
- Еш кінәм жоқ, сүттен ақ, судан тазамын.
- Оттапсың! Бізде еш кінәсі жоқтарға он жыл береді, ал сенікі он бес жыл ғой.
Көрші екі әйел әңгімелесіп отыр.
- Марфуға, осы сенің сиырың күніне неше литр сүт береді?
- Он литр.
- Қанша сатасың?
- Он бес литр...
Әйелі мен күйеуі шипажайға бір-бірінен бөлек барып, қайта оралыпты. Түн іші. Әйелі орнынан ұшып тұрып, ұйқылы-ояу: «Ойбай, күйеуім келіп қалды!» - дейді. Күйеуінің зәресі ұшып: «Қайда? Қайда?», - деп кереуеттің астына кіріп кетіпті.
- Біздің есіктің қоңырауын жөндеуге неге бір жұмысшы жібермедіңіз?
- Біз сізге адам жібергенбіз. Ол қоңырауды екі рет басып көріпті де, ешкім ашпаған соң, "үйде тірі жан жоқ екен" деп, кетіп қалыпты.
Тіс дәрігері емделушіге:
- Бір өтініш, тісіңді шұқылай бастағанда, үзіліссіз бар күшіңмен бақырып-шақырып бөлмені басыңа көтерші...
- Не үшін?!
- Футболдың басталуына жарты-ақ сағат қалды, көрмейсің бе, кезекте адамдардың қаптап тұрғанын...
Банкке қаруын кезеніп, тонаушы кіреді. Қағазға көміліп, ұнжырғасы түсіп отырған бас бухгалтер басын көтеріп, езуін ыржитып:
- О, бәрекелді, бұл сіз екенсіз ғой, мен ревизор екен деп шошып кетсем, - депті.
Құрастырған: С.Сапаров
Оқи отырыңыз:
Ене мен күйеу бала туралы әзілдер
Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)
Балалық шақтың ойындары есіңізде ме?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.fun2video.com
Н. Нұрмаханұлы