Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)

Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)

Дәрігерлер ереуіл шарасымен орталық алаңға жиналып, өз қарсылығын көрсетіп жатыр. Мазасы қашқан шенеуніктер дәрігерлердің қойған талаптарын қанша ойланса да, бір түсіне алмапты. Содан не істерін білмеген басшылар дәрігерлерден қолдарындағы плакаттарын компьютермен жазып әкелуін сұрайды.

                                                CoolCoolCool

Тіс дәрігері емделушіге:

- Мен сіздің тісіңізді емдеп жаздым, ал енді екі сағат тамақ ішпеуіңіз керек.

- Солай ма? Рақмет көп, көп. Енді мен таршылықтан жарты жыл бойы аш жүретін болдым.

                                               Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

- Дәрігер, сіз білесіз бе мен не үшін бір түсті күнде қайталап көре беремін?

- Ол қандай түс болды екен?

- Түсімде жазуы бар есікті көріп, ары итеріп аша алмай әуре боламын.

- Ал жазуда не жазылып тұр?

- Өзіңізге тартыңыз.

                                                WinkWinkWink

- Дәрігер мырза, сіз маған көмектесуіңіз қажет.

- Иә, айта беріңіз.

- Мен әрқашан жылқы туралы ойлай беретін болыппын.

- Ооо.. жақсы көмектесем, бірақ оған көп ақша керек.

- Ааа.. ол жағынан қам жемеңіз. Кеше ғана бәйгеден ақша ұтып алғам.

                                                  Tongue outTongue outTongue out

Хирург бір пациенттің рентген суретін қарап жатып:

- Иә-ә-ә! Бұғана сыңған, екі қабырғасы кетіпті, жілік сүйегінде сынық бар. Медбике, әлі қанша адамдікі қаралмады.

- Он бес.

- Онда мыналарды Photoshoр-пен дұрыстай салу керек болды ғой.

                                                   SmileSmileSmile  

Психиатриялық ауруханада кім ақ халатты бірінші кисе сол дәрігер.

                                                  WinkWinkWink

"Дәрігерге баратын болсаң тексеріліп бар" өмірді сақтандыру компаниясы.

 

Оқи отырыңыз:

Күлсең, студентке күл – 2

Ене мен күйеу бала туралы әзілдер

Балалық шақтың ойындары есіңізде ме?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: joyreactor.cc

Н. Нұрмаханұлы