Балалық шақтың ойындары есіңізде ме?

Балалық шақтың ойындары есіңізде ме?

Қыздар мен жігіттер, бастауыш сыныпта анкета толтырып, адамзат секілді ойын ойнап, көңіл көтеретініміз естеріңізде ме? Сол кездегі қызықтар бүгін тәтті естелікке айналуда. Олай болса, сол ойындарды есімізге бірге түсіріп көрейік. Бірі – «Санмен болжау» деп аталады. Біразын білсеңіз, енді бірін естімеген де боларсыздар. Ойын шарты өте оңай. Қағазға көлемін үлкен етіп 1-ден 10-ға дейінгі санды жазып шығыңыз. Артынша көзіңізді жұмып тұрып, саусағыңызбен біреуін таңдаңыз. Ерінсеңіз, төмендегі суретті пайдалануыңызға болады. Санды таңдасаңыз, оған сәйкес төмендегі сұрақ пен жауаптарды оқыңыз.


Сізді алда не күтіп тұр?

1. Махаббат

2. Достық

3. Сыйлық

4. Күтпеген кездесу

5. Хат

6. Ата-анаңыздан ұрыс естисіз

7. Әңгіме

8. Өсек сөз

9. Біреу сізге сезімін білдіреді

10. Тағы да достық


Сізді кім жақсы көреді?

1. Өзіңіз ойлап жүрген адам

2. Ешкім

3. Сіз жек көретін адам

4. Сіз дос болған адам

5. Өзіңізден екі жас үлкен

6. Бір жас үлкен

7. Екі жас үлкен

8. Бір жас кіші

9. Спорттан хабары бар жан

10. Үнемі ұрыса беретін адамыңыз


Ал сіз кімді жақсы көресіз?

1. Кіші досыңызды

2. Көңілді жүретін досыңызды

3. Мектепте оқитын баланы

4. Өкінішке орай, ойыңыздағы адаммен тек дос бола аласыздар

5. Ұлты басқа жігітті

6. Шашы қоңыр бозбаланы

7. Бойы айтарлықтай ұзын

8. Өзіңізден жасы үлкен жігітті

9. Жай ғана танысыңызды

10. Сыныптасыңызды

 

Ал ол кімді жақсы көреді?

1. Сізді

2. Сіздің құрбыңызды

3. Қарсыласыңызды

4. Сіз жек көретін адамды

5. Талғамсыз қызды

6. Сізді

7. Шашы ұзын аруды

8. Өзінің жан досын

9. Сыныптасын

10. Сіз ол адамды танымайсыз

 

Оған сіздің қай жеріңіз ұнайды?

1. Мөлдіреген көзіңіз

2. Шиедей ерніңіз

3. Нәзік қолыңыз

4. Сымбатыңыз

5. Талғамыңыз

6. Жас сәбидікіндей теріңіз

7. Барлығы

8. Еш нәрсе

9. Оған деген ыстық махаббатыңыз

10. Мінезіңіз

Бір кездері шындыққа жанасады деп ойнап жүрген бұл қызықтар, бүгінде көрген түс секілді. Ал сіз қандай ойындарды білесіз?

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай