- Негізгі бет
- Езутартар
- Көңілді көтеретін сәт...
Көңілді көтеретін сәт келді!
Колбаса сататын дүкен қожайыны қызметке алуын өтініп келген азаматтан әр нәрсені сұрастыра келе, соңғы сұрағын қояды.
- Мәселен, ойланбай айтыңызшы, біл килограмда қанша грамм бар?
- Сегіз жүз елу грамм!
- Бәрекелді! Ертеңнен бастап жұмысқа кірісесіз!
Баласы мен шешесі арасындағы әңгіме:
- Мен енді мектептің қарасын көрмеймін!
- Балам-ау, себеп не?
- Біреуі ұрады, біреуі кітаппен төмпештейді, біреуі аяғымнан шалады, тегі болмаса мазақ қылады. Бармаймын дедім, бітті, бармаймын!
- Олай деме, балам. Барасың мектебіңе! Өйткені, біріншіден, жасың қырыққа кеп, қырқа астың. Екіншіден, мектеп директорысың.
Шаруа қалаға келіпті. Іліп қойған газетті оқып тұрып:
- Ай, қысып жатыр-ау ... ай, қысып жатыр, - депті. Қызметкерше киінген бір кісі қасына келіп, кінәжкесін көрсетеді.
- Сіз өзі, онымен не айтқыңыз келіп тұр? Сізді қысып жатқан кім?
- Е-е-е, енді... бәтеңкем ғой қысқан, жүруге болмайды, тегі...
- Сіз жалаңаяқ тұрсыз ғой?
- Сол қысқан соң ғой жалаңаяқ қалғаным. Шыдауға шамам жетпей, лақтырып тастадым.
Күйеу баласына кездесіп қалған атасы одан:
- Қалың қалай? – деп сұрайды. Сонда күйеу баласы:
- Апта бойы аждаһа мен жыландаймыз, - дейді. – Ал, оның үш күнінде ит пен мысықтаймыз, ал демалыс күнгі жағдайымыз – жіппен ұстатқан көпірмен тең, өтейін десең де қорқынышты, өтпейін десең де қорқынышты.
Сонда атасы басын шайқап:
- Күйеужан, айтқаныңа имандай сеніп тұрмын, қызым шешесіне айнымай тартқан екен. – депті.
- Ұялу дегенді білмейді екенсіз! Сап-сау жас адамсыз, бірақ ақша сұрайсыз!
- Әрине, сұрамас едім, бірақ... бір жолы сұраусыз алғаным үшін сот үкім шығарып, үш жылға кесті....
Құрастырған: С.Сапаров
Оқи отырыңыз:
Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары
"Аллоның" орнына қандай сөз айтуға болады?
Мықтыбек Оразтайұлының like-қа лайықты жазбалары
Көңіл-күйің жоқ па? Мына жануарлар күлкіңді қайтаратыны сөзсіз!
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы