"Аллоның" орнына қандай сөз айтуға болады?
Телефон тұтқасын көтергенде "Аллоның" орнына басқа сөз айтып, әңгімелесушіміздің көңілін көтерейік. Әлбетте, бейтаныс нөмір хабарласқанда күнделікті "алломызды" айта берген жөн. Бұл тәсілді әзілдеріңіз жарасқан құрбы-құрдас, дос-жаранға қолдануға болады. Мынадай қызықты тізім жасап көрдік.
- Байланыстамын
- Мұқият тыңдап тұрмын
- Сөйлеңіз
- Пәленше Түгеншеұлы/қызы (аты-жөніңізді айтасыз) байланыста
- Президент тыңдап тұр
- Алё-Малё
- Кімсіз?
- Си
- Ню
- Бірінші-бірінші, сізді тыңдап тұрмын
- Орталық кітапхана
- Сәлеметсіз бе, мен демалыстамын
- Қожанасыр тыңдап тұр
- Айтыңыз
- Аттың басын жіберіңіз
- Не мәселе?
- Хан ием тыңдап тұр
- Тұтқадамын
"Аллоның" орнына тағы қандай қызықты сөз айтуға болады?
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
М. Оңғарова