Бір күні Қожанасыр...

Бір күні Қожанасыр...

Ұйықтап жатқан МАЙ қызметкері ұйқысырап:

- Камаз, камаз!-десе, әйелі атып тұрып:

- Пустой, пустой! – деп жатқызатын көрінеді.

                                             CryCryCry

Бір күні Қожанасырдың көршісі базарға кетіп бара жатса, Қожекең мысығын жуындырып жатыр екен. Күн суық болса керек, көршісі:

- Өй, Қожеке, күн суықта мұның қалай, мысығың үсіп өлмей ме?!-деп жүре беріпті. Кешкісін көршісі базардан қайтып келе жатса Қожекең мысығын жоқтап, жылап отырады. Көршісі Қожаға:

- Айттым ғой, күн  суықта мысығың үсіп өледі деп! - дейді.

Сонда Кожекең:
- Мысығым үсіп өлген жоқ, жуып болып, сыққанда өлді! – депті.

 

 

                                              WinkWinkWink

Түріктің атақты ақыны, түрік әнұранының авторы Мехмет Акиф Ерсойдың мамандығы «мал дәрігері» болған екен. Бір жиында әлдекім ақынды мұқатпақ болып:

- Сіздің мамандығыңыз осы «мал дәрігері» ме еді?-деп сұрағанда, ақын:
- Ия, солай бір жеріңіз ауырып тұр ма?-деген екен.

                                             SealedSealedSealed

Жындыханаға дәрігерлер дуалға автобустың суретін салып:

- Ал мініңдер, кетеміз!-депті жындыларға. Жындылар бас салып жүгіре бастапты. Бір жынды ғана орнында тұра беріпті. Дәрігерлер жындының қасына келіп:
- Сен неге жүгірмейсің?-деп сұрайды. Сонда әлгі жынды:
- Қойшы, адам көп қой. Мен таксимен барамын!-деп жауап берген екен.

                                             Foot in mouthFoot in mouthFoot in mouth

- Дәрігер, осы сәбіз жесең, көздің көруі жақсарады деген рас па?

- Әрине рас, сіз қоянның көзілдірік киіп жүргенін қашан көрдіңіз?!


 
Оқи отырыңыз: 

Ойын-күлкі дәрумен

Көңілді көтеретін сәт келді!

Күлкінің қызығына батқыңыз келсе

Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: zhiviyarko.com

Н. Нұрмаханұлы