Еврей халқының мақал-мәтелдері

Еврей халқының мақал-мәтелдері

 

  • Егер проблеманы ақшаға шешу керек болса, ол проблема емес, ол – қып-қызыл шығын.
  • Құдай адамға екі құлақ пен бір ауызды көп тыңдап аз сөйлеу үшін берген.
  • Ақтан ішсең ағынан жарыласың.
  • Адам ең құрмағанда қызығушылық үшін өмір сүруі қажет.
  • Білім адамға ешқашан артық етпеген.
  • Алыстан  көрген адамның бәрі бірдей.
  • Әке-шеше баласын сөйлеуге үйретсе, баласы әке-шешесін жұмған аузын ашпауға үйретеді.
  • Әйелдер аз сөйлесе, ерлер көп нәрсе тыңдырушы еді.
  • Жақсы сөйлегеннен үндемей қалу қиын.
  • Жер жаһан адам санының көптігінен емес, адам болып қалмауынан жойылады.
  • Шаруаның жоқтығы ұлы істерге жетелейді.
  • Адамның жасы келген сайын нашар көре бастайды, алайда кең ауқымда көреді.
  • Барлық адам ақшаның жоқтығына шағымданады, ал ақылдың аздығы туралы сөз қозғамайды.

 

Оқи отырыңыз: 

Таласбек Әсемқұлов. "Үш аяқты ит"

Дастан Омаров: "Мылқау қызға махаббат"

Эмили Дикинсон. Кешігетін болсаң ғасыр өткенше...

Әдебиет саласында алғашқы Нобель сыйлығын алған кім?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: oldtimewallpapers.com

Н. Нұрмаханұлы