Бразилия бірінші орынмен топтан шықты

Бразилия бірінші орынмен топтан шықты

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - А тобында Камерун мен Бразилия құрамалары арасындағы кездесу 1:4 есебімен аяқталды...

Бірінші тайм 2:1 есебімен бразилиялықтардың пайдасына аяқталған болатын, ал Неймар қос бірдей голмен көзге түсіп еді. Екінші таймда шабуылшы Фред Бразилия құрамасының есептегі артықшылығын еселей түскен-ді.

Кездесудегі қорытынды есепті қосалқы құрамнан шыққан Фернандиньо тіркеді.

Бразилия мен Мексика құрамалары 7 ұпайдан жинады, Луис Фелипе Сколаридің тәлімгерлері мексикалықтарды соғылған голдардың санымен басып озды.

1/8 финалда бразилиялықтар В тобында екінші орынға табан тіреген чилиліктермен кездесетін болады.

ӘЧ-2014, А тобы, үшінші тур

Камерун – Бразилия – 1:4

Жоэль Матип, 26 – Неймар, 17, 34, Фред 49' Фернандинью 84' 

Камерун: Итандж, Н’Кулу, Бедимо, Ньом, Н’Гемо, Мбиа, Эно, Матип, Муканджо, Абубакар, Шупо-Мотинг.

Бас бапкер – Фолькер Финке

Бразилия: Жулио Сезар, Дани Алвес, Тияго Силва, Давид Луис, Марсело, Паулиньо, Оскар, Луис Густаво, Халк, Фред, Неймар.

Бас бапкер – Луис Фелипе Сколари

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

Л. Лига