Нидерланды - «В» тобының көшбасшысы!

Нидерланды - «В» тобының көшбасшысы!

Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының «В» тобының барлық ойындары мәресіне жетті. Бүгін жолдама үшін тартыс өтпесе де, әр құрама өз орындарын анықтады.

Екінші кездесулерін өткізгеннен кейін Нидерланды мен Чили құрамалары плей-офф жолдамасын иеленді. Жаңа ғана екі құрама топтан бірінші болып шығу мүмкіндігін сарапқа салды. Алғашқы минуттардан ойын тартысты басталмаса да, қорғанысты назарға ала ойнаған футболшылар сақтықпен қимылдады. Алғашқы таймда қос құраманың гол соғуға мүмкіндіктері болмады емес, болды. Бірақ, пайдалана алмады. Есесіне екінші таймда Арьен Роббен бастаған жігіттер белсенді. 77 минутта Лерой Фер есеп ашса, қосымша уақытта Мемфис Депай екі доп басымдығымен командасын алға шығарды. Нәтижесінде Луи ван Гал шәкірттері бірінші орынмен топтан шықса, екінші орынды Чили иеленді. Алғашқысы «А» тобынан екінші орын алған құрамамен кездессе, екіншісі бірінші орынды иеленген құрамамен кездеседі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай