- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Габонда Мессидің қолының...
Габонда Мессидің қолының ізі басылған іргетас кірпіші қолды болды
Фото:
mirror.co.uk
Өткен аптада әлемнің танымал футболшысы Лионель Месси Габон елінде жаңа стадион құрылысының ашылуына қатысып, алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі болған еді. Бүгін белгілі болғандай, аргентиналық сұрмергеннің қолының ізі қойылған кірпіш ұрланып кеткен.
Қазіргі таңда жергілікті полицейлер Лионель Мессидің қолының ізі қойылған іргетас кірпішін іздестіруде. 2017 жылғы Африка кубогына арналып салынып жатқан Порт-Жантилдегі стадионның қызметкерлері болса ұрыларды көрмегенін айтқан.
Айта кетейік, Лионель Месси «қара құрлықтың» ең бай еліне арнайы шақыртумен барған болатын. Кейіннен футболшының киіну стилі мен президент Али Бонгоны қолдай сөйлеген сөзі жергілікті партиялардың наразылығын тудырған да еді.
О. Сансызбай