Роналду жаңа темір тұлпарын таныстырды

Роналду жаңа темір тұлпарын таныстырды
Фото: sport.ro

Мадридтік «Реалдың» әйгілі сұрмергені Криштиану Роналду сырт алаңда «Бетиспен» өткен ойыннан кейін жаңа темір тұлпарын таныстырды. Футболшы енді «Lamborghini Aventador» автокөлігін тізгіндепті.

Португалдық ойыншы жаңа автокөлігінің суретін «instagram» желісіндегі парақшасында жариялады. Автокөліктің құны 105 400 000 теңге көлемінде.  Спорттық көліктер санатына жатады.

Криштиану Роналду «Бетиске» қарсы ойында гол соғып көзге түскен болатын. Ойын 6:1 есебімен «корольдік клубтың» пайдасына шешілген еді.

Айта кетейік, Роналду осыған дейін де «Lamborghini Aventador» автокөлігін сатып алған. Бірнеше рет ол көлігінен ақау табылғаннан кейін өзге көлікке ауыстырған-ды.

О. Сансызбай