Қанат Исламның жас боксшыны жігерлендіруі (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие отандасымыз Қанат Исламның қатысуымен мотивациялық бейнеролик түсірілді. Бейнероликте Қанат жас боксшыны жігерлендіріп, демеу береді. Мақсатының аясы «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген тағылымға саяды.

Айта кетейік, жақында ғана Қанат Ислам Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісімен марапатталған болатын. Төсбелгіні ҚР Парламенті мəжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл табыс еткен-ді.

Қанат Ислам келесі кездесуін 29 қазан күні Алматыда ганалық боксшы Патрик Аллотейге қарсы өткізеді. WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласатын болады. Жекпе-жек Алматы қаласында «Almaty arena» спорт кешенінде өтеді. Отандасымызға бірге жанкүйер болайық.