«Қайрат» - «Црвена Звезда» кездесуінің ең үздік сәттері

«Қайрат» - «Црвена Звезда» кездесуінің ең үздік сәттері
Фото: massaget.kz

Алматының «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының екінші кезеңіне өтіп, қазақстандық жанкүйерлерді бір қуантты. 2002 жылғы маусымда еурододаға алғаш рет қатысқанда клуб осы сербиялық командадан ойсырай жеңілген еді. Сол есесін қайтарды.

Орталық стадионда өткен ойында 2:1 есебімен қазақстандық клубтың жеңгені туралы хабарлаған болатынбыз. Қарымта ойында «Қайратты» қолдауға келген жанкүйерлердің санында да шек болмады. Ал біз сіздерге ойыннан фотобаян ұсынамыз.  

Ойындағы ең үздік сәттерді фотобаян арқылы тамашалай отырыңыздар: 

Ойын бишілердің өнерімен басталды.

Екі клубтың капитаны да жас таланттар. 

Клуб шабуылшысы Момоду Сиссей жанкүйерлермен ресми түрде қоштасты. Жанкүйерлер де футболшыға алғысын білдірді.

Ойын Жерар Гоудың мүмкіндіктерін пайдалана алмаумен басталды. Бірнеше рет қарсылас қақпасына қауіп төндіре білді.

Сито Риера есеп ашуға берілген мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

29 минутта Бауыржан Исламхан ойындағы есепті ашты.

Бұл клубтың келесі кезеңге өту мүмкіндігін арттыра түсті. 

Сүйікті клубынан голды күтіп отырған жанкүйерлер бір серпілді.

Қонақтар да өз кезегінде қарап қалған жоқ. Владимир Плотников қорғаған қақпаға қауіп төндіре білді. Бір рет алаң иелерін голдан қақпа маңдайшасы құтқарып қалды. 

Екінші тайм басында Жерар Гоудың пасын сәтті пайдаланған Исламбек Қуат ойында алматылық клубты екі доп басымдығымен алға шығарды. 

«Қайрат» қорғаныста ойнағанмен, қарымта шабуылда қарсыластар қақпасына қауіп төндіре білді.

«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс бір сәт те алаң жиегінде байыз тауып отырған жоқ. Шәкірттеріне нұсқау берумен болды. 

Жерар Гоудың гол соғуға бір емес, бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ шабуылшы өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. 

«Црвена Звезда» қақпашысы әрі капитаны - Предраг Райкович. Командасының ойынына әр сәт сайын өкінумен болды. Бірінші ойында командасын бірнеше голдан құтқарып қалған болатын. Талантты қақпашыны алдағы уақытта Еуропаның топ-клубтары қатарына шақырып қалуы да ғажап емес. 

Белградтан командасын қолдауға 30-ға жуық жанкүйер келген. 

66 минутта Бауыржан Исламханның орнына Сержиньо кірді.

Гоу командаластарына нәтижелі пас шығарғанымен, гол соға алмай-ақ қойды.

82 минутта түрік төрешісі Барыш Шимшек «Қайрат» қақпасына пенальти белгіледі. Бір қарағанда ереже айып алаңының сыртында бұзылғандай көрінген.

Төреші ысқырығы шалынғанда жиналған жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. «Қайрат» клубының Туымен қатар, еліміздің көк байрағы биікте қалқыды. 

«Црвена Звезда» ойыншылары алыстан ат терлетіп келген жанкүйерлеріне алғыстарын білдірді. 

Владимир Вайсс пен «Қайрат» ойыншылары да жиналған жанкүйерлерге алғыстарын білдіріп, қошемет көрсетті. 

«Қайрат» әділетті түрде жеңіске жетті. Меніңше қазақстандық клуб бірінші ойында-ақ көп мәселені шешіп алды. Біз жаңа маусымға дайындығымызды енді ғана бастадық. Сондықтан «Қайрат» сынды деңгейдегі командамен ойнауға дайын болмай шықтық. Тіпті, алаң иелері өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланғанда 8:1, 8:2 ұтылып қалуымыз да мүмкін еді. «Қайратқа» сәттілік тілеймін, - деді баспасөз мәслихатында Миодраг Божович. 

- Біздің ең сүйікті жанкүйерлеріміз тамаша ойынның куәгері болды деп айта аламын. Біз бар күш-жігерімізді салып, шын жүректен ойнадық. Қарсыластар да сәтті өнер көрсетті. «Црвена Звезда» қақпашысы алдағы уақытта әйгілі футболшы болуы мүмкін. Өте талантты. Ал біз командамен Еуропа лигасымен қатар, ішкі жарыстарда да жеңу үшін күш салатын боламыз, - деді.

Айта кетейік, «Қайрат» екінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Алашкерт» клубымен кездесетін болады. Бірінші 16 шілде күні Алматыда өтсе, қарымта кездесу 22 шілдеде сырт алаңда өтеді. 

О. Сансызбай